Меню

Страницы

Статья

«Заводской кентінің 2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары туралы»

Заводской кентi — қала типтес кентi. Целинный тау-кен-химиялық комбинаты бөлiмшелерiнiң құрылғаны негiзiнде, 1969 жылы кент кұрылған. Әкiмшiлiк бағынысында Степногорск қаласына жатады.

Кент алаңы 130 га, тұрғын-үй массивiмен шектеледi, тұрғындар саны 3833 адам.

Өнеркәсiп

Кентте өнеркәсiп ұсынылмаған. Бiрақ көптеген өнеркәсiп кәсiпорындар iргелес аумақта — қаланын өнеркәсiптiк аймағында орналасқан.

Шағын кәсiпкерлiк

Кентте шағын бизнес саласында 183 жұмыс орны ашылды. Кентте сауда-сатып алу қызметiмен және халыққа қызмет көрсетумен айналысатын 54 жеке кәсiпкер өз қызметiн жүзеге асырады. Кентте 35 дүкен, 3 кафе, 1 ЖҚС, 2 ГҚС, 1 ТҚС, 2 шиномонтаждау, 1 дәрiхана, 3 шаштараз, 1 киiм тiгу ательесi, 2 наубайхана, такси бюросы және автотұрақ, 2 қоғамдық монша жұмыс iстейдi. 2018 жылы 5 жеке кәсiпкер сауда-сатып алу және халыққа қызмет көрсету саласында өз қызметiн тiркедi. ЖК Скориков А.Г. бройлердi өсiру бойынша цех ашты. Инкубаторға 1000 жұмыртқа салып, 180 мың теңге жұмсалды, 1000 балапан шығарылды.

2018 жылдың желтоқсан айында пәтер иелерiнiң қаражаты есебiнен Гагарин көшесiндегi № 29 көппәтерлi үйдi қалпына келтiру жұмыстары аяқталды.

Ауыл шаруашылығы

Шаруашылық есепке сәйкес аулалық учаскiлерi бар үйлер саны — 618, қосалқы шаруашылығы бар 137 үй, оның iшiнде 393 IҚМ, 202 бас шошқа, қой — 691бас қой, 377 бас жылқы, 2400 бас құс. Электрондық шаруашылық есеп кiтабында 2019 ж. 01 қантар бойынша 10 ЖК жүктелдi: IҚМ -11 бас, жылқы -54 бас, құс саны- 1500 бас. Негiзiнен ауыл шаруашылық өнiмдерiн кент тұрғындары қалалық жәрмеңкеде өткiзедi. Бүгiнгi таңда ШОБ, сондай-ақ жеке меншiк аулалар үшiн, табысты жұмыс iстеу үшiн барлық қажеттi жағдайлар жасалған.

Сумен жабдықтау

Заводской кентi 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етiлген. Сумен жабдықтау жүйесiн қайта құру жұмыстары жүргiзiлуде.

Әлеуметтiк қорғау

2018 жылдың 1 қаңтарына Заводской кентiнде 1498 жанұя бар (3833 адам), олардың iшiнде:

- тыл еңбеккерлерi — 26 адам;

- 1,2,3 тобы мүгедектер — 77 адам ;

- 16 жасқа дейiнгi мүгедектер — 8 адам.

Мақсатты әлеуметтiк көмектi 7 отбасы (37 адам) 886,2 мың теңге алды.

Тұрғын үй көмегi 15 отбасына (34 адам) 108,0 мың теңге тұрғын үй көмек ақы төленген.

Әлеуметтiк көмек:

Заводской кентiнде, әлеуметтiк көмек 23 адамға 761,7 мың теңге, төленген, олардың iшiнде:

- 7 туберкулез ауруымен ауыратындарға 761,7 мың теңге. Көлемiнде;

- 10 онкологиялық аурумен ауыратындарға 250,0 мың теңге көлемiнде;

- 4 мүгедек адамға — 144,3 мың теңге көлемiнде;

- өрт аппатынан зардап шеккендер- 2 адам 192,4 мың теңге.

Қайырымдылық айлығына: 99 адам (106,0 мың тенге);

- ең аз мөлшерлi зейнетақы алатындар — 11 адамға (53,0мың теңге);

- мүгедектер 1,2,3 топтағы — 88 адам (53,0 мың тенге)

9 мамыр күнiне орай 26 адамға, жалпы сомасы 245,3 мың теңге көлемiнде көмек көрсетiлдi:

- тыл еңбеккерлерге — 26 адамға 245,3 мың тенге;

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген 7 адамға 120,2 мың теңге.

Жұмыссыз ретiнде тiркелген — 16 адам. (соның iшiнде әйелдер — 10, 16-29 жас аралығындағы жастар — 6).

2018 жылы өнiмдi жұмыспен қамту және бұқаралық кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасының қатысушылары 27 адам болды, оның iшiнде:

• кәсiптiк оқыту — 6 адам;

• қайта даярлау — 6 адам, жұмысқа орналасу 100%;

• мал шаруашылығын дамытуға 8,8 мың. теңге сомасында 3 адам микрокредит алды (Юхман Е.М. — 3,8 млн.теңге,құс өсiруге, Скориков А.Г. — 2,0 млн. теңге,құс фирмасы, Шалтаев Н.М. — 3 млн. теңге. қара мал өсiру)

Әлеуметтiк жұмыс орындары — 2 адам («Балу» МШ);

Жастар тәжiрибесi — 1 адам. («Заводской орта мектебi»);

Қоғамдық жұмыстар — 13 адам (соның iшiнде әйелдер — 10).

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшiн қалалық бюджеттен 723, 3 теңге бөлiндi.

Абаттандыру

Кентте, абаттандыру және санитарлық тазарту айлығында, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен және МЖӘ шеңберiнде 150 көшет отырғызылды және 230 ағаш кесiлдi. Бюджеттiк қаражат есебiнен Богембай батыр көшесiнiң бойында 250 тонна құрылыс қалдықтары шығарылды. ЖК Султанов, өз қаражатына, Гагарин көшесiнiң бойында 500 тоннадан астам құрылыс қалдықтарын шығарды. Кенттiң ар жақ бөлiгiнде 10 қоқыс контейнерлерi орнатылды.

Дзержинский, Гагарин, Мира көшелерiнде 40 жарықтандыру тiрегi орнатылды. Сондай-ақ, Гагарин және Бауыржан Момышұлы көшелерiндегi шамдардың жарықтандыру желiлерiн ауыстыру жұмыстары жүргiзiлдi. 27 шамды ауыстырды. МЖӘ шеңберiнде (ЖШС «ГЗО») Гагарин көшесiндегi, музыкалық мектебiнiң жанында автобус аялдамасы орнатылды.

Коммуналдық шаруашылық

Заводской кентiндегi жұмыс iстейтiн бiр қызмет көрсетушi ұйым бар. "Заводской" ПИК 1996 жылы құрылды. Төрағасы Ператинская Н.В. болып тағайындалды. Жалпы 175 үйге қызмет көрсетедi, соның iшiнде 27-үйлер 2 және 3 қабатты, 148 жеке үйлер, жалпы қызмет ету аумағы 7451 ш. м.

Барлық үйлер жылыту маусымына дайындауды өттi. Кенттiң жолдың ар жақ бөлiгiнде пешпен жылытылатын 137 аула бар, көмiрдiң қажеттiлiгi 1450 тонна құрайды. Жылыту маусымы штаттық режимде өтуде.

Қоғамдық тәртiп

Штат саны 4 адам бар полиция бөлiмшесi жұмыс iстейдi, олар кент аумағы мен Степногорск өнеркәсiп аймағында және Богембай, Степногорский ауылдарына қызмет етедi. Тоқсанына бiр рет учаскелiк полиция инспекторының Заводской кентi тұрғындармен есептi кездесу өткiзiледi.

Әлеуметтiк саласы

Бiлiм

Кентте орта мектеп жұмыс iстейдi, 32 сынып бар, 0 сынып-3, оқушылар саны 558. Қазақша мен орысша оқытылады. 47 мұғалiм жұмыс iстейдi, оның iшiнде 37-iнде жоғары бiлiмдерi бар, орта арнайы бiлiммен — 16 мұғалiм. Бiрiншi категорияда — 21 мұғалiмдер бар, екiншi категорияда — 20, категориясiз -12 мұғалiм.

«Арай» балабақшасында 3 топта 80 бала бар. 3 — 5 жастағы мектепке дейiнгi балалар тәрбиеленедi. Барлығы 10 мұғалiм, жоғары бiлiмi — 3, орта арнайы бiлiмi — 7 мұғалiм. Бiрiншi категорияда -3, екiншi — 1, категориясыз — 6 мұғалiм бар. Жас мамандар — 2.

Музыкалық мектеп филиалында сазды аспап, фортепиано, скрипка, домбыра класстарымен оқитын 40 оқушы бар. 4 мұғалiм жұмыс iстейдi. Оқушылар қалалық және кенттiк концерттер мен конкурстарда белсендi қатысып, әр-түрлi жүлделi орындарды алуда.

Денсаулық сақтау

Күнiне 220 адам қабылдайтын кенттiк емхана жұмыс iстейдi. 18 қызметкер оның iшiнде 2 жалпы тәжiрибе дәрiгерi, 10 медбике жұмыс iстейдi. Жедел жәрдем бар, жеңiлдiкпен берiлетiн дәрiлер, бар көлемде қамтылады. Тұрғындардың жоспарлық медициналық қарау жұмыстары жүргiзiледi. Флюорографиялық тексерудi орындау жоспары — 98 %.

Мәдениет және спорт

Заводской кентiнiң жергiлiктi қауымдастығының жалпы жиналысында, кенттiң 17 көшесiнiң атауын өзгерту туралы дауыс берiлдi. Көшелердi қайта атау туралы шешiм, Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде тiркелген.

Заводской кентiнде 27 мыңан аса кiтап қорымен кiтапхана жұмыс iстейдi. 8 орынды оқу залы бар. Үнемi түрлi тақырыптық көрмелер өтедi.

«Арман» аула клубы белсендi жұмыс iстейдi, балалар әр түрлi жас топтарының сабақтарды негiзге ала отырып табады, өз мүдделерi мен таланттарын, бос уақытында белсендi және пайдалы жүргiзедi. Клубта вокал және драма үйiрмелерi жұмыс iстейдi, жүргiзушiсi — Уренцева Л. Г., қалалық филиалының БЖСМ ауыр атлетика мен гiрлiк спорт секцияслары жұмыс iстейдi. Жаттықтырушы спорт шеберi — Колчин И.А. Заводской кентiнiң Ақсу клубы филиалы жұмыс iстейдi, кентiнiң мәдениет үйiнiң меңгерушiсi Акыжанова А. Б. iс-шараларды белсендi өткiзедi.

Заводской кентiнiң клубы, 10 адамнаң құралған Ардагерлер кеңесi, Заводской кентi әкiмi аппаратымен бiрлесе, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнi, Наурыз мейрамы, 9 мамыр күнi, қайырымдылық айлығын, ҚР Конституция күнi сияқта, тағы басқа мерекелiк iс-шаралар өткiзедi.

Халықаралық Әйелдер күнiне арналған, «Наурыз Мейрамы» мерекесiне, Заводской кентiнiң "Встреча" кафесiнде мерекелiк iс — шара өткiзiлдi.

Ұлы Отан соғысының ардагерлерi, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерi мен Чернобыль АЭС-да таратушы қызметкерлерiне Жеңiс күнiнде салтанатты шара өткiзiлдi. Мерекелiк концертпен кент клубы, ОМ оқушылары қатысты (Демеушiлiк көрсеткен «Темiр Әлем» ЖШС Франковский В.С., «Целингормаш» ЖШС Олжабаев Ж.А., ПК «Каскад-2» Морозова Н.А., «Балу» ЖШС Абилов Н.Т., «АТМК» ЖШС Агеев В.П. ЖК Суханов В.В.)

Балаларды қорғау күнiне орай мерекелiк концерт, ойын-сауық ойындар өткiзiлдi. Көп балалы отбасылардан шыққан балаларға және аз қамтылған отбасыларға сыйлықтар берiлдi, демеушiлiк көмек көрсеткен — ЖК Нұрахметов К.

Қазақстан Республикасының Конституция күнiне арналған салтанатты шара өткiзiлдi. Ардагерлер кеңесiнiң төрайымы Шейн Л.А. «Күзгi сыйлықтар» көрмесiн ұйымдастырды. Байқауға қатысушыларға естелiк сыйлықтар марапатталды (демеушiлiк көрсеткен ЖК Кульмагамбетов С.М.).

Қарттар айлығына «Встреча» кафесiнде қарттар және мүгедектер үшiн мерекелiк iс-шара өткiзiлдi. Ауыл кiтапханасында 10 мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған азық-түлiк пакеттерiнiң сыйлаумен мерекелiк iс-шара өттi. Сондай-ақ, әлеуметтiк жағдайы төмен отбасыларға, мүмкiндiгi шектеулi жандарға және Чернобыльдан зардап шеккендерге, 10 отбасыға 1,5-2 тонна көмiр жеткiзiлдi (демеушiлiк көрсеткен ЖК Муродов Ю.М.) Демеушiлiк көрсеткендер: «Росинка» кафесi, ЖК Когут В.С., ЖК Пиццерия Башева Г.А., ЖК Нұрашев К.С., «Балу» ЖШС Әбiлов Н.Т., «ЗГО» ЖШС Максименко В.В., «ЦГМ» ЖШС, Ж.А. Олжабаев, «МСУ» -104 ЖШС Козейчук В.А. Денсаулыққа байланысты келмеген 29 зейнеткерге конверттер берiлдi. «Заводской» ПИК 6 зейнеткерге және 3 мүгедекке коммуналдық төлемдердi төледi.

ҚР Бiрiншi Президентi кенiне және Тәуелсiздiк күнiне орай, кент клубының меңгерушiсi мерекелiк iс-шаралар өткiздi. Кент балаларына арналған Жаңа жылдық ертеңгiлiк өткiзiлдi, сыйлықтар таратылды, 10 отбасыларғы ет таратылды (әлеуметтiк жағдайы төмен отбасыларға, аз қамтылған, мүмкiндiгi шектеулi жандарға), демеушiлiк көрсеткендер: «Қазақалтын-технолоджи» Хан С.С. АО ГМК «Казахалтын», ЖК Суханова Л.Н., ЖК Сакпаева С.К., ЖК Наурызбаева Г.М., ЖК Каримова А.Н., ЖК Мусина К.Ж.

Дата публикации
15 января 2019
Дата обновления
15 января 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы