Рұқсат етiңiз Сiзге Қарабұлақ ауылының 2018 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуы және 2019 жылғы келешек дамулар туралы ақпаратты айтуға.
Қарабұлақ ауылының жалпы алаңы 93193 га құрайды, оның iшiнде жеке қосалқы шаруашылық алаңы — 394462 шаршы метрдi құрайды.
Есептi кезеңде 3 жиын өткiзiлдi, азаматтардың мәселелерi бойынша:
- қала әкiмiнiң қатысуымен 2 рет есептiк кездесу; жеке секторда мал бағу бойынша; ауылды абаттандыру бойынша;
2018 жылы жеке тұлғалардан келiп түскен өтiнiштер — 46, оның iшiнде жазбаша арыз — шағымдардың саны — 24. Заңды тұлғалардан өтiнiш болмады.
Ауыл шаруашылығы
Қарабұлақ ауылында 319 отбасы тұрады, осының iшiнде 157 отбасының жеке қосаклқы шаруашылығы бар. Көбiсi мал шаруашылығымен айналысатындарға жеке қосалқы шаруашылықтар ұсынылған.Ауылда барлық iрi қара мал саны 1686, оның iшiнде 842 сауынды сиырлар,ұсақ қара мал саны 2476, оның iшiнде аналық қойдың саны 2041, жылқы саны 1794 оның iшiнде биенiң саны 767.
2018 жылы төмендегi жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық
iс-шаралар өткiзiлдi:
1. Қан алу (Бруцеллез): IҚМ — 2060, ҰҚМ — 2780, жылқылар — 130, шошқалар — 40.
2. Туберкулезге зерттеу: IҚМ-1500, шошқа — 40.
3. Топалаң жарасына қарсы егу: IҚМ — 1500, ҰҚМ-3500,жылқы-1000,шошқа — 40.
4. Қарасанға қарсы егу: IҚМ-1500.
5. Тұқымдық бұқаларды, тұқымдық қошқарларды, жылқыларды –бруцеллез, лептоспироз, листериоз, хламидиоз, паратуберкулез, жұқпалы эпидидемит, жұқпалы лимфонгоит обл.вет. бактериялық зертхана арқылы зерттеу — 200 сынама.
6. Жыл сайын жылқының төлдеуiне қарай таңба салу.
7. ИФТ-ға зерттеу: IҚМ — 4 айдан 6 айға дейiн — 300 бас, ҰҚМ 3 айдан 4 айға дейiн-600 бас.
8. Құтыруға қарсы екпе — IҚМ-900, ҰҚМ — 700,жылқылар-500, иттер — 100.
9. Эхинококкозға қарсы дәрi-дәрмек тарату (иттер) — 100.
2018 жылы себiлген дәндi дақылдар: бидай -550 га, арпа — 1450 га, сұлы — 200 га, рапс — 500 га, астық қоспасы- 200 га, картоп-1,5 га, көпжылдық, бiржылдық шөптер — 3500 га.
Әлеуметтiк мәселелер
Қарабұлақ ауылында 1388 адам тұрады, оның iшiнде 319 отбасы:
- зейнеткерлер саны — 155
- жесiрлермен Ұлы Отан соғысына қатысушылар саны — 2
- ауғанстан соғысына қатысушылар — 2 адам
- 1,2 топ мүгедектерi -21 адам.
- 3 топ мүгедектерi — 14 адам.
- бала жасынан мүгедек 16 жасқа дейiн — 2 адам.
2017-2021 жылдарға арналған нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы бойынша:
- Қоғамдық жұмыстарға 16 адам жiберiлдi;
- Әлеуметтiк жұмыс орындарына — 4 адам;
- Жастар тәжiрибесiне -5 адам;
- қайта даярлауға -8 адам,(1 адам гранд алды)
11 отбасына 1 млн. 626 мың 384 теңгеге АӘК тағайындалды. Әлеуметтiк көмек: өтiнiш бойынша — 3 адамға көрсетiлдi, оның iшiнде: туберкулезбен ауыратындар — 1 адам (25,0 мың теңге), онкологиялық аурулар ауыратындар — 3 адам (75,0 мың теңге) және өрт кезiнде болған жағдайдағы материалдық көмек (94,0 мың теңге).
Жыл сайын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнiне арналған iс — шаралар өткiзiледi ("Алтын алқа" және "Күмiс алқа" алқаларымен 10 анаға естелiк сыйлықтар, Наурыз мейрамы (жаппай серуендеу), Жеңiс күнi (ҰОС-ның жесiрлерiне және Ауған соғысы қатысушыларына азық-түлiк жиынтығы), 2018 жылдың 26-шы маусымында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Степногорск қаласының Орталық қалалық кiтапханасында ауыл күнiне арналған Қарабұлақ ауылының "Сағындырған туған жер" атты дөңгелек үстелi ұйымдастырылды. 2018 жылдың 12-шы қазанында көп балалы отбасы — Гульнора Александровна Рахматоваға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар — Айнаш Әшiмқызы Қажкенова және Рсалда Әшiмқызы Мұқатаевалардың үйлерiне су өткiзiлдi. 2018 жылдың 27-шы қазанында "Қайырымдылық" айлығы аясында қарттар күнiнiң мерекесiне орай мерекелiк концертпен дастархан жайылды, зейнеткерлерге азық — түлiк жиынтығы, 38 мүгедекке-газ баллондар таратылды. Iс-шаралар шаруа қожалықтарының басшылары мен ауыл кәсiпкерлерiнiң демеушiлiгiмен өтуде.
2018 жылы Қарабұлақ ауылында 13 қарт зейнеткер 70 — 80 жылдық мерейтойларын атап өттi, оларға естелiк сыйлықтар табыс етiлдi
Әлеуметтiк сұрақтар
Ауылда жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс жасайды, онда 148 оқушы оқыйды. Мектеп жанынан 40 орында «Балапан» атты бүлдiршiндердiң шағын орталығы жұмыс iстейдi, онда 2-5 жастағы балалар тәрбиеленiп келедi. Жылу жүйесi электрикалық, үш электроқазандықтың 96 кв / сағ.қуатта жұмыс iстейдi.
Ауыл аумағында дәрiгерлiк амбулатория бар, штатта-3 адам еңбек етедi. Айына бiр рет жалпы практика дәрiгерiнiң қабылдау жасайды. 100% флюорографиялық тексеруден жыл сайын өткiзiледi.
Жыл сайын халықты флюорографиялық тексеруден 100% өту БАҚЫЛАУДА. 2018 жылы 16 бала дүниеге келдi, 6 адам қайтыс болды. Қарабұлақ ауылында жедел жәрдем шақыру жұмыстары жүргiзiлуде. 2018 жылы 19 бала дүниеге келдi, қайтыс болғандар саны 10 адам, тегiн дәрi-дәрмек туберкулезбен ауыратын науқастарға және жеңiлдiкпен берiлетiн дәрi-дәрмектердi диспансерлiк науқастар үшiн берiледi. Қарабұлақ ауылына жедел жәрдемдi шақыру жүзеге асырылады. Ауылында кiтапхана жұмыс iстейдi, кiтап қоры 17207 мың дана.
Есептi кезеңде 62 — кiтап көрмелерi мен тақырыптық сөрелер ресiмделдi әр түрлi 55- iс — шаралар өткiзiлдi.
Мысалы: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнi , Наурыз мейрамы, "Тiл — ұлттың рухани негiзi" -тақырыптық сөре, "Қазақстан, болашаққа ұмтылған" бiрлiк күнi — кiтап көрмесi — шолу. Жеңiс күнi, Президент Жолдауы, "Ғасырлар тоғысында кiтап адамды өсiредi" Ел жүрегi — Астана " — факт — көрме.Астана қаласының 20 — жылдығын мерекелеу, "Еркiндiк, жауапкершiлiк, құқық" — кiтап көрмесi — ҚР Конституциясы күнi, "Бейбiтшiлiк мейiрiмдi болсын" — кiтап көрмесi — кiтап. Көрме-шолу. Қарттар күнiне орай,"Тiл — халықтың жыршысы" — кiтап көрмесi — шолу және т.б.
2018 жылы әкiмдiк ғимаратының жанында шырша орнатылды.
Шағын бизнес
Қарабұлақта жеке кәсiпкерлiкпен айналасатын 3 кәсiпкер, жұмыс iстейтiн азаматтардың саны 8 адам, орташа еңбек ақы төлемi 40000-45000 мың теңге. Қарабұлақ ауылында Волков С. Ж. — ЖШС "Grand Grop"- механикалық цехы, ЖК О. В. Оксумбаева және ЖК И.Бекжанова қоғамдық моншасы жұмыс iстейдi. Жеке кәсiпкер А.А.Вагапов ағаш өңдейтiн цех ашты, онда 3 адам жұмыс iстейдi. «Байғазы» шаруашылық қожалығы 117 бас iрi қара мал әкелдi.
Шағын бизнестi дамыту бойынша бiрнеше жоба бар:
- "Береке" ш / қ мал сою алаңын салуды жоспарлап отыр,
- "Радия" ш / қ қымыз өндiрiсiн және тауарлы сүт фермасын ашуды жоспарлап отыр.
Коммуналдық шаруашылық
Тұрғын үй саны 196, оның iшiнде пәтерлер саны 319, әрбiр үй пешпен жылытылады. Степногорск орман шаруашылығы. халықты ағашпен қамтамасыз етедi.Электр қуатымен жабдықтау "АРЭК" жүргiзiледi.Степногорск қаласынан сұйытылған газ жеткiзiледi.
Көлiктi және байланысты дамыту
Степногорск қаласымен Қарабұлақ ауылының арасындағы жолаушылар тасымалдау № 1 маршруты бойынша жүзеге ЖШС "Тұлпар- Степногорскпен Степногорск-Ақкөл тас жолы бойынша көлiк қатынасы жүзеге асырылады.
Қарабұлақ ауылында — 350 сандық телефон станциясы жұмыс iстейдi, телефон нүктелерiн интернет — 150 нүкте. Қамтамасыз етiлуi-100 %.Интернет нашар жұмыс iстейдi.
Ауылды аббаттандыру туралы
Қарабұлақ ауылында көшелердi, кету және келу жолдарында қысқы қардан тазартуға «Гарант-Автосервис» ЖШС-мен келiсiм шарт жасалды.
Абаттандыру және көгалдандыру мақсатында шөп шабу 1000 ш. м. (мектеп аумағы мен Қарабұлақ ауылы әкiм аппаратының ғимараты) жүргiзiлдi. 2018 жылы 100 көшеттер (питомникте ОМ, әкiмдiктiң аумағында) отырғызылды.3 тоқсанда Лесная көшесiнен -850 тонна күл-қоқыс шығарылды.
- 2 — аялдама 2 балалар алаңдары сырланды.
- "Баур-Бек-Нұр" ЖШС Қарабұлақ ауылының кiре берiсiнен Абай Құнанбаев көшесiне дейiн жолдарда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргiздi. 2019 жылы Советская, Целинная көшелерi бойынша шұңқырларды жөндеу жоспарлануда.
- "Теплокров СТ" ЖШС әкiм аппаратының әкiмшiлiк ғимаратының шатырына ағымдағы жөндеулердi жүргiздi.
Абай Құнанбаев көшесiнде — 4 жарық тiрек, Ленин көшесiнде 6 жарық тiрегi орнатылды. 2019 жылы Советская көшесiнде — 22 жарықтандыру тiректерi бойынша ағымдағы жөндеу жүргiзу жоспарлануда. Сондай-ақ 2019 жылы саябақтың құрылысы жоспарлануда, онда ауыл тұрғындары мен жастары бос уақыттарын өткiзе алады.
- "Кұрылыс-МТК" ЖШС-гi тұрмыстық қоқыстарды шығаруға 40 контейнерлердi орнатты.
Ағаштарды әктеу, ағарту, бұтақшаларды кесу, 8 сенбiлiк өткiзiлдi, 250 адам қатысты.
Ақылы қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың күшiмен ауыл аумағын тазалау үнемi жүргiзiледi, апта сайын қоқыс шығару ұйымдастырылады.
Асхана салу және намазхананы ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.
Су мәселесi
Орталық сумен жабдықтау жүйесiне мектепке және әкiмшiлiк ғимараты, намазхана қосылған, яғни орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 100 % болады.
Бюджет
2018 жылға барлығы — 22 119 400 теңге бюджет бөлiндi, оның iшiнде 2 500 000 теңге шатырды ағымдағы жөндеу, (Әкiмдiк, ФАП, кiтапхана және Гут жабу жұмыстары жүргiзiлдi), оның iшiнде 2 000 000 теңге көшелердi жарықтандыруға Ленин, Абай Құнанбаев көшелерi бойынша 10 тiрек орнатылды. 275 000 теңгеге компьютер, телефон аппараттары сатып алынды.
1 330 000 теңге сомасына қатты жабынды жолдарды ағымдағы жөндеу (ауылға кiру және Абай Құнанбаев көшесi). МӘМ — ге 1 000 000 теңге қаражат бөлiнiп оның iшiнде (500 000 теңге-санитарлық тазалау, 500 000 теңге — қар тазалау) бөлiндi.
Салық жинау: барлығы 3 891 553 теңге жиналды.