Құрметтi Қырық құдық ауылының тұрғындары!
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес жыл сайын барлық деңгейдегi әкiмдердiң дәстүрлi есеп беру кездесулерi өтедi. Бұл өз кезегiнде өткен кезеңдi саралап, келешектегi мiндеттердi айқындауға мүмкiндiк бередi.
Елiмiз өткен жылда жоғары экономикалық табыстарға қол жеткiздi. Облысымыз да, қаламыз да өркендеп, әлеуметтiк-экономикалық қуаты артты. Қаланың құрамдас бөлiгi ауылымыз да iлгерi дамып, оң нәтижелер көрсеттi.
2018 жылдың 12 айлық қорытындысы бойынша Қырық құдық ауылының әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерi:
Ауыл жөнiнде ақпарат.
Қырық құдық ауылы Степногорск қаласынан 45 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдың аумағы 5140 гектар, оның iшiнде жайылымдар 4687 га, егiстiк жерлер 8 гектар. Ауылдың алаңы 18 гектар, бұл тұрғын үй секторымен шектеледi. Қырық құдық ауылы тұрғындарының саны — 558 адам (151 отбасы) құрайды, оның iшiнде экономикалық белсендi халық саны 299 адам, жұмыс iстейтiн 142 адам, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар 142 адам, зейнеткерлер 61, соның iшiнде тыл еңбеккерлер 1 адам. Барлық мүгедектер 21 адам, бала кезiнен мүгедектер 2 адам. Ауылдағы әлеуметтiк-саяси жағдай тұрақты. Әлеуметтiк шиеленiстiң ошақтары байқалмайды. Бейбiтшiлiк пен келiсiмде 7 ұлттың өкiлдерi өмiр сүруде.
Экономика.
Үй шаруашылықтарының саны — 127 (83 үй) құрайды. Олардың 106-ында жеке қосалқы шаруашылығы бар. 2019 жылғы бiрiншi қаңтар бойынша мал шаруашылығының саны: IҚМ 1341 бас (105,7%), қой мен ешкi 2333 бас (100% ), жылқы 547 бас (111,6%), құс 750 бас (100%). Жануарлардың кейбiр түрлерi бойынша 2018 жылмен салыстырғанда, ауыл тұрғындарының мал санының ұлғаюы байқалады. Тiркелген ауылшаруашылық техникаларының саны 19 бiрлiк құрайды.
Кәсiпкерлiктi дамыту.
Ауылдың аумағында мал шаруашылығы дамуымен айналысатын 2 шаруа қожалығы («Ислам», «Мейрам») және 6 жеке кәсiпкерлер жұмыс жасайды. Сауда-саттық қызметi бойынша 2 жеке кәсiпкер айналысады (ЖК Калкин Б және ЖК Абетова К). Қызмет көрсету саласында 1 жеке кәсiпкер жұмыс iстеуде (ЖК Салдатхан А).
2018 жылы малшаруашылығы дамуы саласында 3 ЖК тiркелдi, ол үшiн нәтижелi жұмыспен қамту және кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы аясында шамасы 7 млн 200 мың.теңге соммасында жеңiлдiк несие алынды. Сондай-ақ жалпы сомасы 481 мың.теңгеге 2 грант алынды.
Қырық құдық ауылы әкiмiнiң аппаратымен әлеуметтiк маңызы бар тауарларға бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу үшiн үнемi жұмыс жасалады, әкiмдiктiң мамандарымен ауылдағы сауда орындарындағы бағаға апта сайын мониторинг жүргiзiледi.
Халықты әлеуметтiк қорғау.
Атаулы әлеуметтiк көмек 12 отбасына (1 891 274 теңге) төлендi.
Әлеуметтiк қызмет көрсетуде 2 адам бар:
Жалғыз тұратын зейнеткер — 1 адам (Фролова Людмила).
Бала кезiнен мүгедек — 1 адам (Саржан Хали).
2017 жылғы 1 наурызда «Центр Газ» Жауапкершiлiгi Шектеулi Серiктестiгi-мен, ауылға газ жеткiзуге келiсiмшарт жасалған болатын, өткен жылғы 12 айда 897 газ баллоны сатылды, бiр балонның бағасы 2000 теңге құрайды.
Бiлiм. Ауылда орта мектеп жұмыс iстейдi, сыныптар саны — 12. Оқыту қазақ және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi. Ауыл мектебiнде 44 адам жұмыс iстейдi, олардың 21-i мұғалiмдер. Мұғалiмдерден жоғары санаты бар 2 адам, 1-шi санатты 5, 2-шi санатты 7 адам. Орта мектеп — шағын жинақталған, 1-шiден-9-шы сыныптарға дейiн 88 оқушы оқытылады, мектепке дейiнгi бiлiммен 11 оқушы қамтылған. Қазақ тiлiнде оқытылатын «Айгөлек» шағын-орталығы бар. Шағын орталықта 20 бала тәрбиеленедi.
Педагогикалық ұжыммен және ауыл тұрғындарымен бiрге «Мектепке жол» акциясы өткiзiлдi, онда аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетiлдi.
Мектептiң жылытуы дербес болып табылады, қатты отынмен 2 қазандық бар, қазандықтарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, 250 тонна көмiр дайындалды, 70 тонна жеткiлiксiз.
Спорт. Спортпен шұғылдану оқу процессi кезiндегi дене шынықтыру сабақтарымен ғана шектеледi. Ауыл тұрғындарын спортпен айналысуға мақсатты тарту жұмыстары жүргiзiлмейдi. Спорт бойынша әдiскер ставкасы жоқ.
Мәдениет. 12000 дана кiтап қоры бар Қырық құдық ауылының кiтапханасы жұмыс iстейдi. 10 адамға арналған оқу залы бар. Ауылдың мұғалiмдерi және тұрғындарымен бiрге ресми, сондай-ақ ресми емес мерекелi күндерге арналған түрлi iс-шаралар өткiзiледi.
Денсаулық сақтау. Ауылда медициналық пункт жұмыс iстейдi. Жұмысшы саны 1 фельдшер (1 қаңтардан бастап декреттiк демалыста). Жеңiлдiкпен берiлген дәрi-дәрмектермен қамту толық көлемде жүзеге асырылады. Флюротексерудiң жоспары 104,2% орындалған, 292 адам, барлық балалар жоспарланған вакцинация алды және Манту — 50 адам өттi.
Санитария және абаттандыру.
Өткен қысқы кезеңде жергiлiктi бюджет есебiнен көшелерден қар тазартылды.
Мамыр айында ауылда мешiттiң ашылуын өткiздiк, осы және бұрынғы тұрғындар қайырымдылығы есебiнен салынған. Iшiнара жергiлiктi бюджет есебiнен, сондай-ақ Жумагулов Т қаржылық көмегiмен балалар алаңы орнатылды. Жасаушы ЖК Альф С. 2018 жылы халықтың өз қаражаты есебiнен 1800 тонна тұрмыстық қоқыс шығарылды. Сондай-ақ қалалық бюджет қаражаты есебiнен ЖК «Голоядов И» 4000 тонна iрi құрылыс қоқыстарын шығарды. Тағы ол iшiнара Сатпаев және Алтынсарин көшелерiнiң автокөлiк жолдарына құм төседi.
206 ағаш көшеттерi отырғызылды, оның iшiнде 100 алма ағашы, 50 мойыл ағашы, 56 қарағай. Қ.Сәтбаев, Ы.Алтынсарин, М.Ауэзов көшелерiнiң бойында 40 ағашқа кронирование жасалды. Аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша М.Әуезов көшесi бойында 195 метр ағаш қоршаулары сатып алынып орнатылды. Богенбай батыр көшесi бойында 12 электр қуатын беру мұнарасы қосымша орнатылған. Олар иесiз ретiнде есепке қойылды. Сондай-ақ қалалық бюджет есебiнен Богенбай батыр көшесi бойында көше жарығын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, 14 жарықтандыру құрылғылары орнатылған және құрылған.
Санитариялық тазалау бойынша iс-шаралары аясында 6 сенбiлiк өткiзiлдi, онда 270 адам қатысты, әкiмдiктiң және мектеп ғимараттары маңында 40 ағаш, бордюрлер әктелдi.
Мейрам ШҚ басшысының көмегiмен Басқұдық бағытындағы грейдерге бес темiрбетон құбыры орнатылды, сондай-ақ оларды себу жұмыстары жүргiзiлдi.
21 қаңғыбас иттер ауланып, жойылды.
Сумен жабдықтау.
2018 жылы 62 үйге су өткiзiлдi, жалпы саны 118 үйге су өткiзiлдi, 92% құрайды. Халық суды өз есебiнен жалғайды. 2019 жылы су мұнарасына ағымдағы жөндеу жүргiзу қажет.
Құқық тәртiбi.
Ауылға Степногорск қаласының Ақсулық полиция бөлiмшесi қызмет көрсетедi. Кесте бойынша жұмыс iстейдi. Ол ауылға үнемi келiп отырады. 2018 жылы жалпы алғанда 68 мың теңгеге 45 хаттама жасалды. Олардан 47 мың теңге алынды.