Қазiргi күнде елiмiз бойынша «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар еңгiзу туралы» заңның жобасы мен Қазақстан республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» Жолдауын жалғасын табуда. Үшiншi жаңғыру барысында ауыл шаруашылығын дамытуда қыруар қаржы бөлiнуде.
Елбасымыздың тапсырмасын орындау мақсатында биылғы жылы алты адам шағын несиеге өтiнiш берiп қабылданды. Өтiнiштерi қанағаттанып 10 мил. 800 мың теңге шағын несие алды.
Ауыл шаруашылығын дамыту
Шаруашылық жүргiзу есебiне сәйкес үй iргесiнде учаскелерi бар ауланың саны-139, қосалқы шаруашылығы бар ауланың саны-107. барлық аумақ-123 (га), оның iшiнде елдi мекендердiң жерi-10705 (га). Шаруа қожалығы мен ЖШС алаңы-3120 (га). Мал шаруашылығы негiзi жеке қосалқы шаруашылығымен ұсынылады. Барлық IҚМ-1380 бас, оның iшiнде сауылатын сиырлар — 720 бас, қойлар — 3500 бас, жылқылар-1270 бас өткен жылға салыстырғанда өсуде. Жоспар бойынша уақтылы мал ауыруларына қарсы екпелер егiлiп тұрады. Мал азығы дайындалуда, жоспар 5000 тонна шөп.
Жастар саясаты
Елбасымыздың жолдауында, бiлiмдi, еңбекқор, бастамашыл, белсендi болуға қазiрден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар жерге батыл барыңдар. Шеберлiктiң шыңына жете бiлсеңдер мамандықтың бәрi жақсы. Қазiр техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновасияның күнi туған заман. Ерiнбей еңбек еткен, талмай ғылым iздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады дегендi.
Ауыл жастарының тигiзер үлесi зор. Шағын бизнестi дамытуды қолға алған жастарымыз ертенгi ел болашағы. Жаңа жыл, Наурыз т.б мейрамдарда демеушiлiк жасап қызықты өтуiне белсендi қатысады. Биылғы жылы наурыз айында ауылымызда Рухани жаңғыру, Болашаққа бағдар жасөспiрiмдер арасында қазақ күресiнен қалалық денгейде ашық бiрiншiлiк өткiзiлдi. Қырықтай палуан күрескен бұл додада ауылымыздан қатысқан балаларымыз жүлделi орындардан көрiндi. Сонымен қатар наурыз мейрамын ән шашу, спорттық жарыстар, мерекелiк дастарханмен өткiзуге себепшi жастарға алғысымыз шексiз. Спорттың алатын орыны ерекше, денесi шыныққан жасы жеткен жастарымыз отан алдындағы борышын абыроймен өтеуде. Қарттар күнiн өткiзу қарсаңында Геркан Агро жеке шаркашылық серiктестiгi жинаған өнiмiнен әр зейнеткерi бар үйлерге бiр қап картошкадан сиға тартты. Дiн мәселесi, түрлi ағымдардың белең алуы, жастардың терiс ағымға кетiп қалмауы жiтi бақылауда.
Көгалдандыру
Уақтылы 6 таза бейсенбiлiктер өткiзiлдi. 180 адам қамтылды. 180 — дей ағаш отырғызылды, ақтау жұмыстары жүргiзiлдi.
Бiлiм саласы
Степногорск ауылында орта бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi. 95 оқушы, 23 мұғалiм. Соның iшiнде 22 мұғалiм жоғары бiлiмдi.
Мектеп iшiнде 2-5 жас аралығында 20 балалық шағын орталық жұмыс iстейдi. Бiлiм бөлiмi тарапынан «Қарлығаш» шағын бала бақша орталықтың 400 мың теңгенi құрайтын 6 әйнегi жаңартылды соныменқатар бастауыш сыныптарына интерактивты тақта берiлдi. Жылу беру жүйе қазандығы қатты отынмен. 290 тонна көмiр түсiрiлдi, көмiр жеткiлiктi.
Бөгенбай ауыл мектебi негiзгi мектеп болып қызмет жасайды. 9 оқушы, 4 мұғалiм. 3 мұғалiм жоғары бiлiмдi. Мектепке интерактивты тақта берiлдi.190 тонна көмiр түсiрiлдi, көмiр жеткiлiктi.
Округте даргерлiк амбулатория қызмет көрсетедi. Штатта екi адам. Қалалық ауруханадан ай сайын кесте бойынша терапевт-педятр даргерлерi келiп тұрады. 9800 кiтап қоры бар кiтапхана жұмыс жасайды. Жаңа кiтаптармен жабдықталып тұрады.
Шағын бизнестi дамыту
Округте 2 шаруа қожалығы, 20 жеке шаруашылық жұмыс iстейдi. 22 адам жұмыспен қамтылған. Негiзi мал шаруашылығы. Мал шаруашылығын дамыту қарқынды жүрiп келедi. Сонымен қатар ЖШС Геркан Агро 5 га ЖШС Алтынбас Ара 10 га, ЖШС BiofromTechnologies 70 га. дай кортошка егiп, орып алынды.
Жергiлiктi басқару
Ауыл iшiндегi мәселелердi шешу мақсатында 9 адам жергiлiктi қауымдастық құрамымен бiрлесе отырып бөлiнген қаржыны қай мақсатта жұмсау, ауылды қоқыстан тазарту, тәртiптi қадағалау сынды мәселелер халықпен болған жиылыста шешiмiн табуда.
Инспекторлық сақшылармен бiрлесе отырып рейттер жүргiзiлiп тұрады. Онда қоқысты жинау, иттерiн заң бойынша ауласында байлап ұстау, малдарын бетiмен жiбермеу сияқты жұмыстар жүргiзiлiп тұрады.
Ақпарат тарату мәселесi бойынша 98 пайыз отбасында Отау.ТВ құрылғысы орнатылған. Сонымен қатар биылғы жылы жоспар бойынша 38 тұрғын үйлерге су құбырлары кiргiзiлдi.
Елбасымыздың «Қазақстан басты бағыты өсiм, реформа және даму» туралы жолдауын орындау мақсатында 2018 жылға жоспар:
Қоғамдық мүшелермен бiрлесе отырып,
Шағын бизнестi дамыту және микрокредит алу бойынша қара мал санын көбейту.
Ауылды көркейту, санитарлық тазалау жүргiзу.
Ауыз су мәселесiн шешуде жұмысты жалғастыру.
Көшелердi жарықтандыру.
Округ бойынша көше жолдарына ағымдағы жөндеу жүргiзу.
Қоғамдастық мүшелерiмен жұмыстың нәтижесi:
Қоғамдас мүшелерi ауылдың кез келген мәселесiн шешу, бөлiнген қаржыны дұрыс мақсатта жұмсалуын қадағалау, жастарға дұрыс бағдар беру, ауылдың гүлденуi үшiн ақыл кеңес қосу мақсатында құрылған ерiктi мүшелер.
Қоғам мүшелерiмен арнайы жиналыстарда ғана емес әрдайым кез келген мәселеде телефон арқылы немесе жеке кездесу арқылы түйiнi түйткiл сұрақтарды шешуде орнынан табылып жатады. Қоғамдық мүшелермен бiрлесе отырып әлi талай жұмыстың шешiмiн табамыз деген сенiмдемiн.