Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу заңнамасын іске асыру жөніндегі әдістемелік құрал

МАЗМҰНЫ

І. Бейбiт жиналыстар туралы заңнаманың ұғымдық аппараты 1.

І. Бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу қағидаттары 1.

І. Бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру 1.

1) Бейбiт жиналыстарды ұйымдастырушы. Ұйымдастырушының құқықтары мен мiндеттерi 1.

2) Бейбiт жиналыстарға қатысушы, оның құқықтары 1.

3) Журналистiң (бұқаралық ақпарат құралы өкiлiнiң) қызметi 2.

4) Мемлекеттiк органдардың құзыретi 

IV. Бейбiт жиналыстарды өткiзу орны мен уақыты 1.

V. Бейбiт жиналыстар өткiзудiң хабарлама жасау тәртiбi 2.

VI. Демонстрацияны, шерудi өткiзу кезiндегi келiсу тәртiбi  3.

VII. Үгiт 1.

VIII. Бейбiт жиналыстар өткiзуден бас тарту 2. 

IX. Бейбiт жиналыстарды тоқтатудың негiздерi мен тәртiбi 3.

X. Бейбiт жиналыстарды тоқтатудың негiздерi мен тәртiбi 1.

I. Бейбiт жиналыстар туралы заңнаманың ұғымдық аппараты

Митингтiң ерекшелiктерi мен жиналыстан айырмашылықтары.

«Жиналыстың» негiзгi мақсаты қандай да бiр көрнекi үгiттеу құралдарын пайдаланбай және талаптар қоймай мәселелердi талқылау болып табылады.

Митингтiң негiзгi мақсаты қоғамдық маңызы бар мәселелер немесе қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттерi (әрекетсiздiгi) бойынша пiкiрiн бiлдiруi болып табылады.

Осылайша, жиналысты ұйымдастыру кезiнде азаматтар өздерiн қызықтыратын сұрақтар бойынша мәселелердi талқылайды, бiрақ азаматтардың ортақ пiкiрi болмайды. Ортақ пiкiр жиналыстың қорытындысы бойынша пайда болуы мүмкiн.

Митингтi ұйымдастыру кезiнде ұйымдастырушылар мен қатысушылар қандай да бiр мәселелер бойынша өз пiкiрлерiн бiледi және митингтi өз пiкiрiн бiлдiру үшiн ұйымдастырады.

Минтингтiң жиналыстан айырмашылығы оны өткiзу кезiнде:

1) көрнекi үгiттеу құралдары пайдаланылуы мүмкiн;

2) талаптар қойылуы мүмкiн.

Шерудiң ерекшелiктерi және оның демонстрациядан айырмашылықтары.

Шерудiң демонстрациядан негiзгi айырмашылығы, шеру — азаматтың немесе азаматтар тобының қандай да бiр көлiк құралдарын пайдаланбай жүрiп өтуiн, яғни жаяу жүрiп өтуiн бiлдiредi.

Демонстрация — бұл көлiк құралдарын пайдалана отырып, азаматтың немесе азаматтар тобының қозғалысы.

Мысалы, егер колоннада қозғалу үшiн автомобильдер, жегiн арбалар, мотоциклдер, велосипедтер пайдаланылса — бұл демонстрация.

Егер, мысалы, адамдар жаяу жүрiп келе жатып, бiрақ олардың артынан велосипед қозғалысы болса, бұл шеру болып табылады.

Пикеттеу ерекшелiктерi

1) Бiр азамат қана өткiзедi;

2) Статикалық нысанда, яғни қозғалыссыз өткiзiледi;

3) Мынадай орындарды қоспағанда, кез келген орындарда өткiзiледi:

1. жаппай жерлеу орындарында;

2. темiржол, су, әуе және автомобиль көлiгi объектiлерiнде және оларға iргелес жатқан аумақтарда;

3. мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарға iргелес аумақтарда;

4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң — Елбасының резиденцияларына iргелес жатқан аумақтарда;

5. қауiптi өндiрiстiк объектiлерге және пайдалануы арнайы қауiпсiздiк техникасы қағидаларын сақтауды талап ететiн өзге де объектiлерге iргелес жатқан аумақтарда;

6. магистральдық темiржол желiлерiнде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желiсiнде, магистральдық байланыс желiлерiнде және оларға iргелес жатқан аумақтарда.

4) дыбыс күшейткiш құралдарды пайдалануға рұқсат етiлмейдi;

5) плакаттарды, транспаранттар мен өзге де көрнекi үгiттеу құралдарын пайдалануға рұқсат етiледi;

6) ұзақтығы екi сағаттан аспайды.

Бейбiт жиналысты ұйымдастырушы

1) Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы немесе кәмелетке толған азаматтарының тобы ғана ұйымдастырушы бола алады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген заңды тұлға ұйымдастырушы бола алады;

3) бейбiт жиналыс өткiзуге бастамашы болып табылады;

4) бейбiт жиналысты өткiзудi ұйымдастырады және оның барысы мен оған қатысушыларға басшылықты жүзеге асырады.

Шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар бейбiт жиналысқа қатысушы бола алмайды.

Шетелдiктiң, азаматтығы жоқ адамның, шетелдiк заңды тұлғаның бейбiт жиналысты ұйымдастырғаны үшiн елден шығарып жiберуге дейiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделген.

Бейбiт жиналысқа қатысушы.

1) жасына, шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, сенiмiне, тұрғылықты жерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген азаматы бейбiт жиналысқа қатысушы бола алады;

2) азаматтың бейбiт жиналысқа өз еркiмен қатысуы.

Шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар бейбiт жиналысқа қатысушы бола алмайды.

Шетелдiктiң бейбiт жиналысқа қатысқаны үшiн елден шығарып жiберуге дейiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделген.

Хабарлама

1) ұйымдастырушы митинг, жиналыс және пикеттеу өткiзу кезiнде жергiлiктi атқарушы органға бередi;

2) ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, жазбаша немесе электрондық нысанда берiледi;

3) бейбiт жиналыс өткiзiлетiн күнге дейiн бес жұмыс күнi бұрын берiледi;

4) Жергiлiктi атқарушы органнан жауап талап етiлмейдi.

Өтiнiштi келiсу

1) ұйымдастырушы демонстрация және шеру өткiзу кезiнде жергiлiктi атқарушы органға бередi;

2) ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, жазбаша немесе электрондық нысанда берiледi;

3) бейбiт жиналыс өткiзiлетiн күнге дейiн он жұмыс күнi бұрын берiледi.

4) жергiлiктi атқарушы органның келiсiмi талап етiледi.

Жергiлiктi атқарушы орган

Заңға сәйкес жергiлiктi атқарушы орган — республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын алқалы атқарушы орган.

Осылайша, жергiлiктi атқарушы органдар деңгейiнде хабарлама және рұқсат алу туралы өтiнiштi келiсу қарастырылады және олар бойынша шешiмдер қабылданады.

Егер бейбiт жиналысты өткiзу ауылда, кентте жоспарланған болса, онда өтiнiш арнайыарнайы орында бейбiт жиналысты өткiзудi ұйымдастыру үшiн тиiстi ресурстары бар ауданның жергiлiктi атқарушы органына берiлуi тиiс.

II. Бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу қағидаттары

Бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу мынадай қағидаттарға негiзделедi:

Күш қолданылмайтын сипат.

Бейбiт жиналыстарды өткiзудiң күш қолданылмайтын сипаты Қазақстан Республикасының Конституциясында көрiнiс тапқан негiзгi қағидаттардың бiрi болып табылады, оған сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бейбiт және қарусыз жиналуға құқылы.

Аталған қағидатты iске асыруда Заңда бейбiт жиналыстарды ұйымдастырушыларға да, қатысушыларға да өзiмен бiрге суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық нұқсан келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы дайындалған немесе бейiмделген нәрселердi (заттарды, бұйымдарды) алып жүруге тыйым салынады.

Заңдылық

Аталған қағидат барлық бейбiт жиналыстар заңда белгiленген тәртiпке сәйкес өткiзiлуi тиiс дегендi бiлдiредi.

Барлық ұйымдастырушылар мен қатысушылар заңнаманың талаптарын сақтауға тиiс.

Осылайша, заңдылық қағидаты бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу кезiнде азаматтар мен мемлекеттiк органдардың барлық әрекеттерiнiң қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестiгiн болжайды.

Мемлекеттiк қауiпсiздiктi, қоғамдық тәртiптi, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

Аталған қағидат Конституцияда бекiтiлген және осы Заңның көптеген баптарында iске асырылған.

Бейбiт жиналыстар өткiзу рәсiмдерiн оңайлатуға қарамастан, мемлекеттiк қауiпсiздiктi, қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз етуге басымдық берiлуi тиiс.

Iшкi iстер органдары бейбiт жиналыстар өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге тиiс.

Мемлекеттiк қауiпсiздiкке, қоғамдық тәртiпке қатер төндiру бейбiт жиналысты өткiзуден бас тарту немесе оны мәжбүрлеп тоқтату үшiн негiз болып табылады.

Сондай-ақ бейбiт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың құқықтары қамтамасыз етiлуi тиiс.

Бұл жалпы заңда iске асырылған. Мысалы, ұйымдастырушы iшкi iстер органдарына қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуде жәрдемдесуге мiндеттi.

Ұйымдастырушыға, қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзуға, жаппай тәртiпсiздiктерге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға үндеуге, билiктi басып алуға немесе ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттауға немесе жария үндеуге тыйым салынады.

Қатысу ерiктiлiгi.

Аталған қағидат азаматтардың қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттерi (әрекетсiздiгi) бойынша өз еркi бойынша қандай да бiр сыртқы қысымсыз пiкiрiн жария бiлдiру құқығынан туындайды.

Осы қағидатты iске асыру мақсатында Заңда қатысушыларға бейбiт жиналыстарға қатысқаны үшiн материалдық сыйақы алуға тыйым салу көзделедi.

Бейбiт жиналыстар өткiзу пайдасына презумпция.

Аталған қағидат ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөнiндегi бюросының Бейбiт жиналыстар бостандығы жөнiндегi басшылыққа алынатын қағидаттарының бiрi болып табылады, оны өткiзуге қандай да бiр заңды тұрғыдан кедергi болмаған кезде бейбiт жиналыстар өткiзуге басымдық берудi бiлдiредi.

Тараптар жауаптылығы

Заңда белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн әрбiр тараптың жауаптылығы көзделген.

Мысалы, ұйымдастырушы мен қатысушылар өздерiнiңәрекеттерi үшiн жауап бередi, заңды, оның iшiнде тыйым салуларды сақтауға мiндеттi.

ЖАО, iшкi iстер органдары қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуде, бейбiт жиналыстарды өткiзудi ұйымдастыруда ұйымдастырушыларға жәрдемдесуге мiндеттi.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексте барлық мүдделi тұлғалардың: бейбiт жиналысты ұйымдастырушылар мен оған қатысушылардың ғана емес, сондай-ақ мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң бейбiт жиналысты өткiзуге заңсыз кедергi келтiргенi үшiн жауаптылық көзделген.

Аталған қағидат Заңның 19-бабында iске асырылған, оған сәйкес мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, олардың лауазымды адамдарының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн..

III. Бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру.

Заңда мемлекеттiк органдарға бейбiт жиналыстар өткiзу кезiнде бейбiт жиналыстарды ұйымдастырушыларға медициналық, өрт және өзге де қажеттi көмек беруге өз құзыретi шегiнде жәрдем көрсетуi жөнiндегi мiндеттер бекiтiлген.

Бұдан басқа, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету де құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне жүктеледi.

Өз кезегiнде, ұйымдастырушы iшкi iстер органдарына тек қана қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуде жәрдемдесуге мiндеттi және мұндай мiндеттер мен шығыстардан босатылған.

1). Бейбiт жиналыстарды ұйымдастырушы. Ұйымдастырушының құқықтары мен мiндеттерi.

Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы немесе кәмелетке толған азаматтарының тобы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген заңды тұлға ғана бейбiт жиналысты ұйымдастырушы бола алады.

Ұйымдастырушы өз өкiлдерiн тағайындауға құқығы бар.

Ұйымдастырушының өкiлдерi дәл сонндай құқықтарды пайдаланады және дәл сондай мiндеттердi атқарады.

Өкiлдер туралы мәлiметтер бейбiт жиналыстарды өткiзу туралы хабарламада немесе өтiнiште көрсетiледi.

Бейбiт жиналысты ұйымдастыру кезiнде ұйымдастырушының құқықтарына қатысты мыналарға назар аударамыз:

1) мемлекеттiк органдардың және (немесе) ұйымдардың құзыретi шегiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге, медициналық көмектi және өзге де қажеттi көмектi ұйымдастыруға жәрдемдесу жөнiнде қолданып жатқан шаралары туралы ақпарат алуға құқығы бар.

Заңға сәйкес қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету, медициналық және өрт қауiпсiздiгiн ұйымдастыру үшiн жауаптылық мемлекеттiк органдарға жүктелген. Ұйымдастырушы өз тарапынан бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру кезiнде көрсетiлген шараларды қамтамасыз етуге мiндеттi емес.

2) бейбiт жиналыстар өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетiн дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды пайдалануға құқығы быр.

«Адамға әсер ететiн физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 28 ақпандағы № 169 бұйрығында дыбыстың оңтайлы және рұқсат етiлген көрсеткiштерi бектiлген.

Көрсетiлген бұйрықтың 2-қосымшасында дыбыс қысымының рұқсат етiлген деңгейi, дБ, (дыбыс қысымының эквиваленттi деңгейi, дБ), өндiрiстiк және қосалқы ғимараттардағы жұмыс орындарындағы, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың алаңдарындағы, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың үй-жайларындағы және тұрғын үй құрылысы аумақтарындағы рұқсат етiлген эквиваленттi және ең жоғары дыбыс деңгейi белгiленген.

Осылайша, дыбыс күшейткiш техникалық құралдардың дыбыс деңгейi осы бұйрықтың талаптарына сәйкес келуi тиiс.

Ұйымдастырушының мiндеттерiне қатысты мыналарға назар аударғым келедi:

1) ұйымдастырушының негiзгi құқықтары пiкiрлерiн, талаптарын жария бiлдiру, бейбiт жиналыстар өткiзу кезiнде шешiмдер қабылдау, сондай-ақ азаматтардың талаптарына, өтiнiштерiне қол жинауды ұйымдастыру болып табылады.

Осы құқықты iске асыру кезiнде бейбiт жиналыс барысында айтылған талаптарды қорыту мақсатында ұйымдастырушы мен қатысушылар мемлекеттiк органдарға немесе ұйымдарға қойылатын талаптар бар хаттама жасауға және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңға сәйкес оларды қарау үшiн уәкiлеттi органдарға жiберуге құқылы. Өтiнiштердi мемлекеттiк органдар немесе ұйымдар «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңға сәйкес қарайды.

Сонымен қатар, Заңға сәйкес ұйымдастырушының қолының болмауы бейбiт жиналыс өткiзуден бас тартуға негiз болып табылады.

Аталған қағида хаттама жасау немесе өзге де өтiнiштердi жiберу кезiнде қолданылады, олар мемлекеттiк органдарға немесе ұйымдарға ұйымдастырушының қолтаңбасы қойылып жiберiлуi тиiс.

2) ұйымдастырушылар бейбiт жиналыстар өткiзу кезiнде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне- және фототүсiрiлiм жасауға құқылы.

Қазiргi кезде технологияның дамуына байланысты оқиғаларды аудио-, бейнежазба функцияларына ие әртүрлi құрылғыларға жазуға мүмкiндiк беретiнiн назарға алу қажет. Бұл кәсiби бейнекамералар, смартфондар, портативтi камералар және т. б. болуы мүмкiн.

Сонымен қатар, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi ұйымдастырушыдан оқиғалар жазбасын көрсетудi талап етуге құқығы жоқ.

3) ұйымдастырушы бейбiт жиналыстарға қатысушылардан қоғамдық тәртiптi және оларды өткiзу регламентiн сақтауды талап етуге құқылы.

Осы Заңға сәйкес ұйымдастырушы ЖАО-ға хабарламаны немесе келiсiм алу туралы өтiнiштi жiберген кезде ұйымдастырушының өзi бекiткен бейбiт жиналысты өткiзу регламентiн қоса беруi тиiс. Одан әрi бейбiт жиналыс бекiтiлген регламентке сәйкес өтуi тиiс.

Алайда, аталған Регламенттi бұзу бейбiт жиналысты тоқтату үшiн негiз болып табылмайды.

2) ұйымдастырушы айырым белгiсiн тағып жүруге мiндеттi. Аталған мiндет ұйымдастырушының өкiлдерiне де қолданылады.

Заңға сәйкес Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi бейбiт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгiлерiнiң нысандарын әзiрлеп, бекiтетiн болады.

Өз кезегiнде, келiсу рәсiмi мен аталған актiнi қабылдау рәсiмi белгiлi бiр уақытты талап етедi.

«Құқықтық актiлер туралы» Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық актiнiң негiзiнде қолданылатыны көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылады.

Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қолданылады.

Осылайша, тараптар арасындағы даулы жағдайларды болдырмау үшiн бейбiт жиналысты ұйымдастырушының айырым белгiлерiнiң нысандары туралы акт қабылданғанға дейiн қолданыстағы тәртiп қолданылатын болады.

Ұйымдастырушыға тыйым салуларға қатысты мыналарға назар аударғым келедi:

1) ұйымдастырушыға қоғамдық тәртiптi және бейбiт жиналыстарға қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жеке күзет ұйымдарын тартуға тыйым салынады.

«Күзет қызметi туралы»Заңның 18-бабының 1-тармағына сәйкес күзет қызметiнiң субъектiлерi өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн жүзеге асыру кезiнде күзетшi қызметiн атқаратын өз қызметкерлерiн заңнамада белгiленген тәртiппен қаруландыруға құқылы.

Өз кезегiнде, бейбiт жиналыс өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтауды iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қамтамасыз ететiн болады.

Осылайша, күзет ұйымдары мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi арасындағы даулы жағдайларды болдырмау үшiн заң жобасында жеке күзет ұйымдарын тартуға тыйым салу белгiленген.

2) денсаулықты сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын қоспағанда, бет-әлпетiн тануға кедергi келтiретiн киiм-кешектi және (немесе) өзге де заттарды пайдалануға тыйым салынады.

Жеке қорғаныш құралдарына зиянды және (немесе) қауiптi факторлардың әсерiнен қорғауға арналған құралдар, оның iшiнде арнайы киiм жататынын ата айту қажет.

3) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзуға, жаппай тәртiпсiздiктерге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға үндеуге, билiктi басып алуға немесе ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттауға немесе жария үндеуге тыйым салынады.

Аталған мән-жай бейбiт жиналыс өткiзуден бас тарту немесе оны тоқтату үшiн негiз болып табылатынын атап өту қажет.

Осылайша, хабарламалар мен өтiнiштердi қарау кезiнде ұйымдастырушы мәлiмдеген мақсаттарды ғана емес, сондай-ақ жасырын ниеттер мен ықтимал салдарды қарауды негiзге алу керек.

Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкiлi болмаған кезде бейбiт жиналыстарды өткiзуге жол берiлмейтiнiн жеке атап өтемiз.

Өткiзiлетiн бейбiт жиналыс барысында ұйымдастырушыны алып кеткен жағдайда, аталған бейбiт жиналыс тоқтатылуы тиiс.

Мыналар:

- шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;

- кәмелетке толмаған, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi, сотталған адамдар;

- жаппай тәртiпсiздiктерге қатысқаны, мемлекетке опасыздық жасағаны, тыншылық, экстремистiк және террористiк қылмыстар, бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн бұзғаны үшiн өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар Қазақстан Республикасының азаматы;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркеуден өтпеген заңды тұлғалар;

- қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған ұйымдар ұйымдастырушылар бола алмайды.

Хабарламалар мен өтiнiштердi қарау кезiнде Бас прокуратураның ҚСжАЕК-не сұрау салу жiберу арқылы ұйымдастырушының өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар екендiгiн анықтау қажет.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелмеген заңды тұлғаларды анықтау мақсатында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ-қа өтiнiш жасау қажет.

Қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтатыл атұрған немесе оған тыйым салынған ұйымдарды анықтау мақсатында Қаржы министрлiгiнiң Қаржы мониторингi комитетiне сұрау салу жiберу қажет.

Жалпы, ұйымдастырушының хабарламалары мен өтiнiштерiн қарау тәртiбi өте қысқа мерзiмде жүзеге асырылатынын ескере отырып, ЖАО-лардың, Бас прокуратураның ҚСжАЕК, Қаржы министрлiгi Қаржы мониторингi комитетiнiң, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ-тың тығыз өзара iс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету қажет. Одан әрi аталған мәселелердi жедел шешу үшiн ақпараттық жүйелердi интеграциялау қажет.

2) Бейбiт жиналыстарға қатысушы, оның құқықтары.

Бейбiт жиналысқа қатысушының құқықтарына қатысты мыналарға назар аударғым келедi:

1) бейбiт жиналыстарды ұйымдастырушыдан және (немесе) жергiлiктi атқарушы органнан бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде қабылданатын шаралар туралы ақпарат алуға құқығы бар.

Заңға сәйкес қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету, медициналық және өрт қауiпсiздiгiн ұйымдастыру үшiн жауаптылық мемлекеттiк органдарға жүктелген. Қатысушы өз тарапынан көрсетiлген шараларды қамтамасыз етуге мiндеттi емес.

«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Заңға сәйкес қоғамдық тәртiптi сақтау iшкi iстер органдарының мiндеттерiне кiредi.

«Азаматтық қорғау туралы» Заңға сәйкес өрттердiң алдын алу және оларды сөндiру бойынша мiндеттердi мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары, атап айтқанда IIМ астананың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың Төтенше жағдайлар департаменттерi жүзеге асырады.

Сонымен қатар, бейбiт жиналысты өткiзу кезiнде медициналық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету медициналық жедел жәрдем қызметiнiң болуын болжайды, аталған ұйымдар жергiлiктi атқарушы органдардың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының қарамағында.

2) бейбiт жиналыстар өткiзу кезiнде дыбыс деңгейi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетiн дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар.

Сонымен бiрге, «Адамға әсер ететiн физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 28 ақпандағы № 169 бұйрығында дыбыстың оңтайлы және рұқсат етiлген көрсеткiштерi бектiлген.Көрсетiлген бұйрықтың 2-қосымшасында дыбыс қысымының рұқсат етiлген деңгейi, дБ, (дыбыс қысымының эквиваленттi деңгейi, дБ), өндiрiстiк және қосалқы ғимараттардағы жұмыс орындарындағы, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың алаңдарындағы, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың үй-жайларындағы және тұрғын үй құрылысы аумақтарындағы рұқсат етiлген эквиваленттi және ең жоғары дыбыс деңгейi белгiленген.

Осылайша, дыбыс күшейткiш техникалық құралдардың дыбыс деңгейi осы бұйрықтың талаптарына сәйкес келуi тиiс.

3) бейбiт жиналыстар мәселелерi бойынша келiсетiнiн не келiспейтiнiн бiлдiруге құқығы бар.

Аталған келiсу қорлаусыз,былапыт сөздер пайдаланылмай, күш қолданылатын әрекеттерсiз өткiзiлуi тиiс.

Егер қатысушы қоғамдық тәртiптi бұзған жағдайда, онда бейбiт жиналыс тоқтатыла тұруы мүмкiн және бейбiт жиналысқа қатысушы бейбiт жиналыс өткiзiлетiн орыннан шығарылуы мүмкiн.

Қатысушы үшiн тыйым салуларға қатысты мыналарға назар аударамыз:

1) қатысушыға денсаулықты сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын қоспағанда, бет-әлпетiн тануға кедергi келтiретiн киiм-кешектi және (немесе) өзге де заттарды пайдалануға тыйым салынады.

Жеке қорғаныш құралдарына зиянды және (немесе) қауiптi факторлардың әсерiнен қорғауға арналған құралдар, оның iшiнде арнайы киiм жататынын ата айту қажет.

2) Қатысушыға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзуға, жаппай тәртiпсiздiктерге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға үндеуге, билiктi басып алуға немесе ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттауға немесе жария үндеуге тыйым салынады.

Аталған бұзушылық бейбiт жиналысты тоқтату үшiн негiз болып табылады.

3) Журналистiң (бұқаралық ақпарат құралы өкiлiнiң) қызметi

Қоғамдық тәртiптi, денсаулық сақтауды, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бейбiт жиналыстың кез келген қатысушысы сияқты журналист бейбiт жиналыстар кезiнде:

1) бейбiт жиналыстарды ұйымдастырушы мен қатысушылардың, сондай-ақ мемлекеттiк органдар, ұйымдар қызметкерлерiнiң заңды әрекеттерiне кедергi келтiрмеуге;

2) көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң iркiлiссiз жұмыс iстеуiне, мүлiктiң сақталуына бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбiт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркiн жүрiп-тұруына кедергi жасайтын әрекеттер жасамауға мiндеттi.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi журналистiң айырым белгiлерiнiң нысандарын және бейбiт жиналыстарға қатысатын журналистiң (бұқаралық ақпарат құралы өкiлiнiң) қызметi туралы қағидаларды әзiрлейтiн болады.

4) Мемлекеттiк органдардың құзыретi

Мәслихаттардың құзыретiне қатысты

Аталған баптың шеңберiнде республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаттарына:

1) бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды, бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды пайдалану тәртiбiн, олардың шектi толу нормаларын, сондай-ақ бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды;

2) пикеттеудi өткiзуге тыйым салынған iргелес аумақтардың шекараларын айқындау жөнiндегi құзыреттер берiледi.

Осы актiлердiң мазмұны Заңның 9-бабында белгiленген талаптармен өзара байланысты болуы тиiс, онда бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды айқындаған және оларды пайдалану тәртiбiн белгiлеген кезде бейбiт жиналыстардың мақсатына қол жеткiзу мүмкiндiгi, бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң орталық және өзге де бөлiктерiнде белгiлеу, ұйымдастыру ыңғайлылығы, бейбiт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың инфрақұрылым объектiлерiн пайдалану мүмкiндiгi, санитариялық нормалар мен қағидаларды сақтау, бейбiт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың, басқа да адамдардың қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.

.

Бұдан басқа, 9-бапта пикеттеудi өткiзуге тыйым салынған орындардың тiзбесi көзделген, оның негiзiнде пикеттеудi өткiзуге тыйым салынған iргелес аумақтардың шекаралары айқындалуға тиiс.

Мәслихаттардың пикеттеудi өткiзуге тыйым салынған арнайы орындар мен iргелес аумақтардың шекараларын айқындау жөнiнде шешiмдер қабылдау процесiн жеделдету қажет.

Арнайы орындарға қойылатын талаптар тұжырымдалған. Олар қалалар мен ауылдардың орталық бөлiктерiнде болуы, бейбiт жиналыстардың мақсатына қол жеткiзу мүмкiндiгiн, ұйымдастыру ыңғайлылығын, ұйымдастырушылардың және қатысушылардың инфрақұрылым объектiлерiн пайдалану мүмкiндiгiн, санитариялық нормалар мен қағидаларды сақталуын, бейбiт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың, басқа да адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi тиiс.

Әсiресе, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әрбiр ауданында, сондай-ақ облыс орталықтарында кемiнде 3 аарнайы орынды айқындау қажеттiлiгiнiң маңызы зор.

Өз кезегiнде, жоғарыда көрсетiлген актiлердi қабылдау рәсiмi белгiлi бiр уақытты талап етуi мүмкiн.

«Құқықтық актiлер туралы» Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық актiнiң негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылады.

Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қолданылады.

Осылайша, жаңа арнайы орындар айқындалғанға дейiн ЖАО қазiргi кезде бар арнайы орындарды ұсынады.

Сонымен қатар, пикеттердi Заңға сәйкес 9-баптың 5-тармағында көрсетiлген орындарды қоспағанда, кез келген орында өткiзуге болатынын атап өтемiз.

ЖАО-ның құзыретiне қатысты

ЖАО-ның құзыретi бойынша бейбiт ЖАО-ның жиналыстардың нысанына және оның қатысушыларының санына қарай бейбiт жиналыстарды ұйымдастырушыға осы Заңға сәйкес бейбiт жиналыстарды өткiзуге жәрдем көрсету мақсатында өз өкiлдерiн тағайындау жөнiндегi мiндетiне ерекше назар аударамыз.

Бұл талап бейбiт жиналыстардың барлық нысандарына қолданылады.

Осылайша, жиналыстарды, митингiлердi және демонстрацияларды, шерулердi және пикеттеулердi өткiзу кезiнде ЖАО ұйымдастырушыға бейбiт жиналыстарды өткiзуге жәрдем көрсету мақсатында өз өкiлдерiн тағайындауы керек.

Сондай-ақ, МАО-ға бейбiт жиналыстарды ұйымдастырушыларға және оған қатысушыларға бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде қабылданатын шаралар туралы ақпарат ұсыну мiндетi бекiтiлген.

Медициналық, өрт және өзге де көмек берудi ұйымдастыру туралы, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы ақпараттан басқа ЖАО өзiнiң интернет-ресурсында орналастырылатын арнайы орындардың тiзбесi туралы және олардың бос-бос еместiгi туралы ақпаратты беруге мiндеттi. Аталған ақпарат күн сайын жаңартылуы тиiс.

Жалпы, бейбiт жиналыстарды өткiзу бойынша барлық ұйымдастыру жұмыстары жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген.

Iшкi iстер органдары қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз етуге тиiс.

IV. Бейбiт жиналыстарды өткiзу орны мен уақыты

Арнайы орындарға қатысты.

Бұдан басқа, арнайы орындарды анықтау кезiнде мынадай сипаттамалар ескерiлуi тиiс:

Бейбiт жиналысқа қатысушылардың қауiпсiздiгi арнайы орындарды анықтаудың басты критерийлерiнiң бiрi болып табылады.

1) қазiргi уақытта республиканың көптеген iрi қалаларында жағдайдың нашарлауын алдын ала анықтауға және төтенше жағдайлар кезiнде шаралар қолдануға мүмкiндiк беретiн қалалық бейнебақылау бар.

Арнайы орындарда бейнебақылау болмаған жағдайда, оны орнату бойынша шаралар қабылдау ұсынылады.

Сонымен қатар, ауылдық елдi мекендер үшiн экономикалық тиiмсiздiгiне байланысты аталмыш құрылғыны орнату мiндеттi болып табылмайды.

Бейне түсiрудi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi жүзеге асыра алады.

2) визуалды белгiсi бар адамдардың көп саны үшiн еркiн кiру және шығу жолымен қамтамасыз ету (мысалы, шығу немесе кiру).

Арнайы орынды анықтау кезiнде шұғыл жағдайда қысымға жол бермеу үшiн адамдардың көп санының шұғыл кiру және шығу мүмкiндiгiн қарастыру қажет.

3) өрт сөндiру автомобильдерi мен медициналық персоналдың келу мүмкiндiгi.

Арнайы орынды анықтау кезiнде өрт сөндiру автомобильдерiнiң және медициналық қызметкерлердiң келу мүмкiндiгi маңызды фактор болып табылады. Қоршаулар, шлагбаумдар, таңбаланған автомобильдер немесе осы автомобильдер үшiн есептелмеген тар кiреберiстер түрiнде ешқандай кедергi болмауы тиiс.

Медициналық көмекке қатысты шұғыл көмек көрсетудi талап ететiн қатысушылардың артық күтуiн болдырмау үшiн алғашқы шұғыл медициналық көмек пунктiн (медпункт) арнайы жерде ұйымдастыру ұсынылады.

4) Террористiк, табиғи немесе техногендiк апат жағдайында азаматтарды эвакуациялау мүмкiндiгi.

Адамдардың жаппай шоғырлануы көптеген адамдар қаза табуы мүмкiн террористiк шабуылдардың негiзгi нысаны болып табылады.

Табиғи және техногендiк апаттар бейбiт жиналыстар өткiзу кезiнде қауiптi болып табылады.

Осыған байланысты қатысушылар оқиғаның эпицентрiнен қауiпсiз көшiру үшiн барлық мүмкiндiктерге ие болуға тиiс. Шұғыл көмек қызметтерi өз тарапынан қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша барлық қажеттi шараларды қабылдауы тиiс.

5) қажеттi инфрақұрылымның болуы (мысалы, жарықтандыру).

Бұл инфрақұрылым түнгi уақытта бейбiт жиналыстар өткiзу кезiнде қажет болуы мүмкiн.

Осыған байланысты, аталған инфрақұрылымның арнайы жерлерде болуын қамтамасыз ету қажет.

6) автомобильдердiң және басқа техниканың соқтығысуын болдырмау үшiн бөгеттер. Қатысушылар сыртқы қауiптерден, бұл жағдайда автомобильдерден және басқа да техникалардан қауiпсiздiкпен барынша қамтамасыз етiлуi тиiс.

Осыған байланысты, автомобильдердiң және басқа да қауiптi техниканың соқтығысуының алдын алу үшiн қоршауларды қарастыру қажет.

Бұл талаптарды iрi елдi мекендер үшiн қарастыру қажет.

7) соңғы уақыттағы коронавирус пандемиясына байланысты санитарлық және гигиеналық ережелердi (биотуалеттер, жуыну колонкалары) сақтауға арналған жабдықтарды қарастыру ұсынылады.

Әрине, бұл талаптар iрi елдi мекендер үшiн белгiленуi тиiс.

Заңға сәйкес, арнайы орындар қаланың орталық бөлiктерiнде орналасуы тиiс. Алайда «Орталық бөлiктер» ұғымы қаланың ортасындағы географиялық нүктенi бiлдiрмейдi, оларға халық арасында Дәстүрлi және танымал жиналу орындарын жатқызуға болады.

Заңның 8-бабына сәйкес мәслихаттар арнайы орындардың шектi толтырылу нормаларын, басқаша айтқанда, арнайы орынды сыйдыра алатын азаматтардың ең көп санын бекiтуi тиiс.

Сонымен қатар, Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, сондай-ақ облыстардың әкiмшiлiк орталықтарында үш арнайы орынды белгiлеу кезiнде олардың ең болмағанда бiреуi көп адамдар шығу үшiн сыйымдылығы үлкен болуы тиiс.

Осы мақсатты iске асыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдар ғимараттарының жанында арнайы орындардың бiрiн орнату ұсынылады.

Бұл азаматтардың билiкпен өзара байланысын қамтамасыз етуге, билiк пен қоғам арасында сындарлы диалог қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.

Бұл ретте Заңмен шектi толтыру нормаларын айқындау жөнiндегi мiндет белгiленедi.

ЖАО орындары мен ғимараттары қатысушылардың көп санын сыйдыруы, ең аз санымен шектелмеуi тиiс.

Бейбiт жиналыстар өткiзу кезектiлiгiне қатысты.

Заңға сәйкес егер бейбiт жиналысты бiр жерде және (немесе) бiр жол жүру бағыты бойынша не бiр уақытта бiр мезгiлде бiрнеше ұйымдастырушы үмiткер болса, аталған орынды пайдалану кезектiлiгiн жергiлiктi атқарушы орган бейбiт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиiстi хабарлама немесе өтiнiш алған уақытты негiзге ала отырып айқындайды.

Сонымен бiрге ұйымдастырушыға келесi кезек тәртiбiмен баламалы арнайы орын, жүру б

Дата публикации
01 сентября 2020
Дата обновления
01 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы