Құрметтi әрiптестер!
Әрбiр мемлекеттiк қызметшi қызметтiк этиканы сақтау үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдауы тиiс, ал қоғам мемлекеттiк қызметшiлер өздерiнiң барлық күштерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн өздерi жүзеге асыратын кәсiби қызметiне салады, Өз Отаны — Қазақстан Республикасына адал және әдiл қызмет етедi деп сенуге құқылы.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп туралы ненi бiлуi қажет?
Мемлекеттiк қызметтiң негiзгi қағидаттары:
- заңдылық;
- Қазақстандық патриотизм;
- азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;
- лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны және оларды асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауапкершiлiк;
- мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi;
- әдептiлiк;
- құқық бұзушылыққа төзбеушiлiк.
Мемлекеттiк қызметшiлер орындауға тиiс негiзгi этикалық талаптар:
-жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға негiзделген мемлекеттiк қызметтiң этикалық негiздерi мен принциптерiн сақтау;
- мемлекеттiк органдарда сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы әрекет ету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу;
- егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның басшылығына, уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жазбаша түрде дереу хабарлауға;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мiндеттердi орындауға, тыйым салулар мен шектеулердi сақтауға;
- мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылықтар жасамау;
- мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу бойынша шаралар қабылдау;
- егер мүдделер қақтығысы болса, лауазымдық мiндеттердi жүзеге асырмау;
- қызметтiк функцияларды орындаудың ең тиiмдi, нәтижелi, мөлдiр тәсiлдерiн табуға және пайдалануға ұмтылу;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерiне құрметпен қараудың үлгiсi;
- бағынысты мемлекеттiк қызметшiлерден олардың лауазымдық өкiлеттiктерiнiң шеңберiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеу;
- өзiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалана отырып, өзiне және отбасы мүшелерiне ешқандай игiлiктер мен артықшылықтарды қабылдамауға;
- қызмет бабын асыра пайдаланудан, пайдакүнемдiк немесе басқа да жеке мүдделiлiктен аулақ болу;
- пара немесе сатып алу ретiнде бағалануы мүмкiн әрекеттерге жол бермеу;
- қызметi бойынша қамқоршылыққа немесе жол бермеуге;;
- мемлекеттiк қызметке түсу және жоғарылау кезiнде протекционизмге, отбасы жағдайына жол бермеу;
- жеке және заңды тұлғаларға, әрiптестерге шешiм дайындау және қабылдау кезiнде заңсыз артықшылық көрсетпеу;
- өзiнiң сыртқы түрiнiң ресми, ұстамдылық және ұқыптылығын сақтау;
- сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнде негiзсiз көпшiлiк алдында айыптау кезiнде оларды терiске шығару жөнiнде шаралар қабылдау;
- көпшiлiк алдында сөйлеуге байланысты мiнез-құлық стандарттарын сақтау;
- мемлекеттiк қызметтiң беделiне нұқсан келтiрмей, кез келген пiкiрталасты дұрыс түрде жүргiзу.
Қызметтiк этика нормаларын сақтау бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда, Сiз мемлекеттiк органның Әдеп жөнiндегi уәкiлiне (ол туралы мәлiметтер мемлекеттiк органның интернет-ресурсында және мемлекеттiк органның ғимаратында жалпы шолу үшiн қолжетiмдi орындарда орналастырылған) және 8 (717) 275-34-12 телефоны бойынша Агенттiкке немесе өңiрдегi оның аумақтық бөлiмшесiне жүгiне аласыз.
Құрметтi әрiптестер!
Қызметтiк этика нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әртүрлi құқық бұзушылықтар мен терiс пайдалануға жағдай туғызатынын, сондай-ақ тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соқтыратынын есте сақтаған жөн.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң этикалық нормаларды мүлтiксiз сақтауы олардың жұмысын бағалауға және қызмет бабында жоғарылатуға әсер етедi.