Ақмола облысының Әдеп жөнiндегi Департаментi уәкiлдерiнiң қатысуымен 2020 жылдың I тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша онлайн-отырыс өткiздi.
Отырыс жұмысын аша отырып, Департамент басшысының орынбасары — Әдеп жөнiндегi кеңес хатшылығының меңгерушiсi Дархан Хайруллин Департаменттiң мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлiк тәрбиесiн қамтамасыз ету, мемлекеттiк тәртiптi нығайту және этикалық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелерiне ерекше көңiл бөлiнетiнiн атап өттi.
Облыс әкiмi аппаратының Әдеп жөнiндегi уәкiлi Айнагүл Жанадiлова облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының Әдеп жөнiндегi уәкiлдерi институтының есептi кезеңдегi қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi туралы ақпарат бердi. "Әдеп жөнiндегi уәкiлдер кең кеңес беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiздi. 123 мемлекеттiк қызметкерге жеке консультациялық көмек көрсетiлдi. Қолайлы моральдық-психологиялық климатты қолдау мақсатында 1,5 мыңнан астам мемлекеттiк қызметшiлер арасында сауалнама жүргiзiлдi. Шортанды, Целиноград, Атбасар аудандарының Әдеп жөнiндегi уәкiлдерi жұмысының оң көрсеткiштерi байқалады" — деп атап өттi А. Жанадiлова.
Сондай-ақ, Әдеп жөнiндегi уәкiлге А. Жанадiлова айтып өткендей, төтенше жағдай кезiнде елде тұрған маңызды мiндеттердi орындауға көңiл бөлу, мемлекеттiк қызметшiлермен де, халықпен де онлайн-форматта кең көлемде түсiндiру жұмыстарын жүргiзу қажет.
Сондай-ақ кеңес барысында жергiлiктi жерлердегi жұмыс қорытындылары туралы Ерейментау және Бурабай аудандарының Әдеп жөнiндегi уәкiлдерi баяндады.
Отырыс қорытындысы бойынша пiкiр алмасу өттi. Әдеп жөнiндегi уәкiлдердiң алдында алдағы кезеңге арналған мiндеттер белгiленген, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлердге демалыстар беру және қашықтықтан жұмысқа ауыстыру жөнiндегi құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету ұсынылды. Отырыс жұмысын аяқтай келе, Д. Хайруллин қашықтықтан жұмыс режимi жағдайында мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметi штаттық режимде жүзеге асырылуы тиiс, ал мемлекеттiк органдар мобтльдi және ашық болуы тиiс екенiн атап өттi.