Мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жеке мүдделiлiгi лауазымдық өкiлеттiктерiн атқарудың объективтiлiгiне ықпал ететiндей етiп жол бермеуге тиiс.
Мүдделер қақтығысы мемлекеттiк қызметшi iс-әрекеттерге қатысқанда немесе оның жеке (қаржылық) мүдделерi болғанда туындайды, олар оны алаңдатады немесе жұмысқа толық тартуға және көрсетiлетiн қызметтi алушыға адал қарым-қатынасқа кедергi келтiредi не ол жұмысқа қабылдайтын шешiмдерге заңсыз түрде әсер ете алады.
Мүдделер қақтығысы туындауының әлеуеттi мүмкiндiгi пайда болған кезде мемлекеттiк қызметшi бұл туралы өзiнiң тiкелей басшысын туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның пайда болу мүмкiндiгi туралы жазбаша нысанда дереу хабардар етуi тиiс.
Өз кезегiнде басшылық басқа мемлекеттiк қызметшiге мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн орындауды тапсырады не мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн өзгертедi.
Бiз мүдделер қақтығысының кез келген көрiнiстерiнен аулақ болуға тырысамыз. Егер, бiзде мұндай жанжал туындауы мүмкiн деген болжам пайда болса немесе оның орын алуы мүмкiн деген пiкiр пайда болса, бiз жағдайды өз басшылығыңызбен, персоналды басқару қызметiнiң қызметкерiмен немесе Әдеп жөнiндегi уәкiлмен талқылауымыз керек.