Меню

Страницы

Статья

«Степногорск қаласы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Осы «Степногорск қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiмен бекiтiлген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзiрлеу бойынша әдiстемелiк ұсынымдарына сәйкес әзiрленген және ұсыным сипатында жүргiзiледi.

1. Қоғамдық қатынассаласының атауы:мемлекеттiк жергiлiктi басқару және өзiн-өзi басқару.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеушiнiң атауы: «Степногорск қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi.

3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс iстейтiн тұлғалардың iс-әрекетi (мiнез-құлқы) қағидалары.

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде әкiм аппараты қызметкерiне:

1) осы тұлғалардың беруi Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделмеген, жеке немесе заңды тұлғалардан ақпаратты талап етуге;

2) жеке немесе заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруына кедергi жасауға;

3) жалпы қорғаушылыққа немесе салғырттыққа, мемлекеттiк қызметшiлерден және қызметте оларға тәуелдi басқа адамдардан, өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген функцияларын орындауына байланысты сыйлықтар мен қызметтердi қабылдауға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше көзделмесе, өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген функцияларды орындағаны үшiн, тұлғаның тиiстi функцияларды орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, қызметтер және өзге нысандар түрiнде қандай да бiр сыйақы қабылдауға;

5) оның берiлуi Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген, жеке немесе заңды тұлғаларға ақпаратты беруден негiзсiз бас тартуға немесе оны кешiктiруге, анық немесе толық емес ақпарат беруге;

6) қызметте немесе тiкелей бағынатын не оның бақылауындағы мемлекеттiк органда үшiншi тұлғалардың iстерiне өкiлдiк етуге;

7) лауазымдық өкiлеттiктердi атқаруға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметтерiн жеке мақсатта пайдалануға;

8) кәсiпкерлiк және өзге табыс алумен байланысты қызметтi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделмеген кез-келген қолдау көрсетуге тыйым салынады.

3.2.Өз құзыретi шегiнде басқарушылық және басқа да шешiмдердi дайындап, қабылдаған кезде әкiм аппаратының қызметкерiне:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етпеуге;

2)шешiмдердi дайындау мен қабылдау кезiнде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған және (немесе) лауазымдық өкiлеттiктерiн орындауға қатысы жоқ бұйрықтар мен нұсқаулар беруге;

4) мүдделер қақтығысынажол бермеуге, егер олар туындаса, оларды заңға сәйкес жою үшiн шаралар қабылдау қажет;

5) заңмен көзделмеген артықшылықтарды мемлекеттiк қызметке қабылдау және көтермелеу үшiн көрсетуге;

6)өзiнiң немесе жақын туыстары мен жекжаттарыныңматериалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешуде өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн пайдалануғатыйым салынады.

3.3. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындау кезiнде әкiм аппараты қызметкерлерiмен әзiрленген нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары:

1) азаматтардың заңмен бекiтiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрмеуi;

2) жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуi;

3) нормативтiк құқықтық актiнi шығарған органның құзыретiнен тыс шықпауы;

4) жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiн бұзбауы;

5) нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуiрдегi «Құқықтық актiлер туралы» Заңын қатаң ұстануымыз тиiс.

3.4. Тiршiлiк әрекетi саласы спецификасына байланысты туындайтын басқа қарым- қатынастар кезiнде:

1) заңмен көзделген тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатын терiс қылықтар жасауға және басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеу;

2) әрiптестердiң жеке және кәсiби қасиеттерiн,олардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтiретiн,талқылаудытыю;

3) басқа мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормаларын бұзыуды тоқтату немесе жол бермеу бойынша өзге шаралар қабылдау;

4) басшылардың тапсырмаларын орындау кезiндетек қана объективтi және сенiмдi ақпарат беру;

5) iскерлiк әдеп және ресми мiнез-құлық қағидасын ұстану.

4. Басқа да шектеулер мен тыйым салулар

4.1. Әкiм аппаратының қызметкерлерi:

1) Қазақстан халқының бiрлiгiн және елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға, мемлекеттiң және басқа да тiлдердi, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерiн құрметтеуге өз үлесiн қосуға;

2) адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, азаматтарға және әрiптестерге әдептiлiк пен сыпайылық танытуға;

3) олар қабылдаған шешiмдердiң заңдылығы мен әдiлдiгiн қамтамасыз етуге;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;

5) мемлекеттiң мүдделерiне зиян келтiретiн, мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiне кедергi келтiретiн немесе тиiмдiлiгiн төмендететiн әрекеттерге қарсы тұруға;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, қызметтiк мiндеттердi тиiмдi орындау үшiн өзiнiң кәсiби деңгейiн және бiлiктiлiгiн арттыруға;

7) өзiнiң iс-әрекеттерiмен және мiнез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп бермеуге, сын үшiн қудалауға жол бермеуге, кемшiлiктердi жоюға және өзiнiң қызметiн жетiлдiруге сындарлы сындар қолдануға;

8)жеке мәселелердi шешуде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлердiң және басқа да адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн қызметтiк жағдайды пайдаланбауға;

9)шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;

10) мемлекеттiк мүлiктi сақтауды қамтамасыз етуге,сенiп тапсырылған мемлекеттiк мүлiктi, оның iшiнде автокөлiк құралдарын қызметтiк мақсаттарда, тиiмдi және ұтымдыпайдалануға;

11) қызметтiк тәртiптi қатаң сақтауға, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн абыроймен, әдiл және сапалы орындауға, жұмыс уақытын ұтымды және тиiмдi пайдалануға;

12) тұрақты негiзде мемлекеттiк қызметтердi тұтынушысы ретiнде халықтың қажеттiлiктерiне толығымен назар аудара отырып, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдауға;

13) құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге, жоғалту, жалғандықты (жалғандықты) болдырмау, сол құжатты орындамау және бiр құжатты қайталап орындау, орындамай негiзсiз қайтару мүмкiндiгiн болдырмауға;

14) мемлекеттiк қызметшiнiң өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiндегi сыртқы келбетi мемлекеттiк аппараттың беделiн нығайтуға жағдай жасауға, ресмилiкпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетiн жалпыға бiрдей iскерлiк стилiне сәйкес болуғамiндеттi.

Дата публикации
28 августа 2020
Дата обновления
28 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы