Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.
Ақмола облысы 2022 жылы бөлім бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және «элетрондык үкімет» порталы арқылы 7 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
көтерме жәрдемақы – 5;
тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер - 2.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына, барлық мемлекеттік қызметтер сәйкес мерзімде көрсетіледі.
«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ақпараттық стендінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылау, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және қоғамдық мониторинг жүргізу қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) бейтараптық;
4) шынайылық;
5) жан-жақтылық;
6) ашықтық.
Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан 2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Анықтама телефоны: 8(71645) 61750.
Бөлім басшысы Ш. Төлегенова