Меню

Страницы

Статья

2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ қызметі туралы ЕСЕБІ

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

-көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізуіне;

- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократизм көріністері мен әуре-сарсаңға салу көріністеріне жол бермеу;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

- мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;

- мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы (техникалық инспекция және өсімдік шаруашылығы), ветеринария және жер қатынастары саласында 14 (он төрт) мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2022 жылдың 12 айында 1782 қызмет көрсетілді:

Ауыл шаруашылығы

- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру – 95;

- Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру – 211;

- Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу) – 8;

- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу – 54;

- Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау – 0;

- Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау - 0;

- Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау – 0;

- Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау – 0;

- Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру – 0;

- Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы – 0.

 

Жер қатынастары

- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-1;

- Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту- 325;

- Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру-2;

- Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру-2;

- Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру (бірінші кезең) -0;

Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру (екінші кезең) -15;

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (бірінші кезең) - 326;

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (екінші кезең) -371;

- Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау - 4;

- Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру - 0;

- Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-төлеу - 0;

- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 358;

- Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту – 10.

«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ әрбір көрсетілетін қызмет бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, ақпараттар орналастырылған стендтер бар.

«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы келушілер үшін ақпарат орналастырылған стенд бар.

2022 жылы «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шараларын өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және оның қоғамдық мониторингін жүргізу келесі қағидаттарына негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) әділдік;

4) дәйектілік

ХҚКО-да мемлекеттік қызмет көрсету бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат қаланың БАҚ-да және қала әкімінің сайтында үнемі басылады.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мемлекеттік қызметтерді уақытында көрсетуге бағытталған тиісті шараларды, оның ішінде ұйымдастырушылық сипаттағы шараларды қабылдайды.

Анықтама телефондары: 8 (71645) 6-34-10, 8 (71645) 6-25-12, 8 (71645) 6-19-08, 8 (71645) 6-17-96.

Бөлімінің басшысы Д. Оспанов

2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ қызметі туралы ЕСЕБІ

Дата публикации
16 февраля 2023
Дата обновления
16 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы