Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
- мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі;
-көрсетілетін қызметті алушылардың ұлты, жынысы, нәсілі, тілі, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізуіне;
- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
- мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;
- мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 28 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетті:
1) «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» - 113;
2) «Үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу» - 16;
3) «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» - 904;
4) «Жұмыссыздарды тіркеу» - 764;
5) «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру» - 1553;
6) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» - 405;
7) «Әлеуметтік көмек тағайындау бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімдері» - 795;
8) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» – 4;
9) «Мүгедектерге протездік – ортопедиялық көмектерді ұсынуға арналған құжаттарды ресімдеу – 99;
10) «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 263;
11) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 0;
12) «Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» -4;
13) «Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 31;
14) «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 125;
15) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» - 57;
16) «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» - 32;
17) «Өтініш берушінің (жанұяның) әлеуметтік мекен-жай көмегің алушылар қатарына жататындығы туралы анықтама беру» - 0;
18) «Тұрғын үй көмегін тағайындау» - 268;
19) «Ақталған адамға куәлік беру» - 0;
20) «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 39;
21) «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 815;
22) «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» - 1;
23) «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» - 1782;
24) «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою» - 4;
25) «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер,толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 479;
26) «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жаз баларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 159;
27) «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 1223;
28) «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» - 20.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік орган «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңын, бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылыққа алады.
2022 жылы «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ барлығы 9935 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ХҚКО арқылы - 2248, ЭҮП арқылы - 3516, мемлекеттік орган арқылы - 4144, оның ішінде қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз - 1974.
2021 жылы жүргізілген талдау негізінде азаматтық хал актілерін тіркеу саласында барынша талап етілетін мемлекеттік қызметтер: «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» - 1782; «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 1223; «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер,толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 479. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында: «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру» - 1553; «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» - 904; «Әлеуметтік көмек тағайындау бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімдері» - 795; «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» - 405; «Тұрғын үй көмегін тағайындау» - 268.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де ақпараттық стендте жалпыға қолжетімді жерлерде орналастырылған, әлеуметтік желілерде, жергілікті «Престиж» газетінде жарияланады.
«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы келушілер үшін ақпарат орналастырылған стенд бар.
«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бойынша 2022 жылы «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын сақтау» тақырыбында ХҚКО мамандарымен бірлесіп 5 дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру бойынша өңір тұрғындарымен 4 тікелей онлайн-эфир өткізілді.
2022 жыл ішінде әлеуметтік желілерде «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер бойынша 25 мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсетуге бағытталған тиісті, оның ішінде ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар қабылданды. Тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану мониторингін жүргізу, бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу, мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру.
«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ барлық мамандары әр үш жыл сайын кестеге сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын көрсетілетін қызметті алушылармен жария талқылау арқылы жүзеге асырылады. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылады.
2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметін тұтынушыдан 1 шағым берілді. Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді бұзу фактісі жоқ екені анықталды, шағым негізсіз болды.
Бөлімнің басшысы
А. Тұқмағанбетов