Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» ММ-сі қызметінің 2022 жылғы есебі

  1. Жалпы ереже:
  • Қызмет беруші туралы мәлімет:

ММ «Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» келесі мекен жай бойынша орналасқан: Сандықтау ауданы, Шаңтөбе кенті, 1 шағын аудан, 21 үй, телефон: 5-07-41;

2) Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

Мемлекеттік қызмет саны - 6 түр бойынша:

- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» - 0,

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы бұйрығының негізінде «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілді;

- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» -0,

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы бұйрығының негізінде «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілді;

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»- 2,

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы бұйрығы негізінде «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілді;

- «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» - 0,

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы бұйрығы негізінде «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары бекітілсін. бекітілді;

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - 17,

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» бекітілді;

- жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту – 0.

Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызмет -13, қағаз бетінде – 6. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

  1. Қызметалушылармен жұмыс:

1) Мемлекетті кқызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттар Шаңтөбе кенті әкімшілігінің ақпараттық стендтерінде бастау алады;

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттар «Шаңтөбе кентінің әкімі аппараты» ММ ақпараттық стендтерінде, электронды сайтында және «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінде бастау алуы туралы тұрғындармен түсіндірме жұмысын өткізу;

3) Өзіне-өзі қызмет көрсету үшін E-gov бұрышы бар. 2022 жылы 210 қызмет көрсетілді. Көбінесе өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы келесі қызметтер көрсетіледі:

  1. ЭЦК кілттерін алу/қайта шығару;
  2. Анықтама беру: - соттылығының болуы немесе болмауы туралы;

 - наркологиялық диспансерден,

 - психоневрологиялық диспансерден,

 - фтизиатрдан;

  1. Қазақстан Республикасы халқының тұрғылықты жері бойынша тіркелуі;
  2. Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін жетілдіру бойынша қызметі:

1) 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру жүргізілді: компьютер ұясына қосымша жедел жадты (8ГБ) сатып алу және орнату арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған компьютерлік техника жаңартылды, тұрғындар арасында цифрлық құжаттарды қолдануды насихаттау мақсатында баннер орнату жоспарлануда;

2) 2022 жылы кент әкімі аппаратының қызметшілері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша ұсынымдарын іске асыру шеңберінде семинар кеңеске қатысып, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

3) Тұрғындар арасында ЭЦК ашу туралы түсіндірме жұмысы «Шаңтөбе кентінің әкімі аппараты» ММ-нің электронды сайтында және «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінде ақпаратты орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) Ақпарат қоса беріледі;

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау қорытындысы: қызмет көрсетілді - 19, электрондық үкімет порталы арқылы - 13. жалпы қызметке жүгінген тұлғалар саны –19;

3) 2022 жылы бақылау бойынша уәкілетті органымен заңнаманы бұзушылық анықталды, нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жоспар қабылданды;

4) 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.

Қызмет алушыны қызмет ұсыну сапасымен қанағаттандыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және тиімділігін арттыру.

Кент әкімі аппаратында қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарлату мақсатында жұмыстар жүргізіледі:

  • мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуын жібермеу;
  • бұқаралық ақпараттар мен ақпараттық стендтер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халыққа уақытымен ақпарат беру;
  • мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату.

Шаңтөбе кенті әкімі Е.Муканов

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» ММ-сі қызметінің 2022 жылғы есебі

Дата публикации
09 февраля 2023
Дата обновления
09 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
23 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫ
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы