«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Степногорск қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.03.2026 - 22.03.2026
Қабылдау 1 этап: 26.03.2026- 30.03.2026
Қабылдау 2 этап: 01.04.2026
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 02.04.2026
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 05.04.2026
Практикалық бағалау 1 кезең: 08.04.2026
Практикалық бағалау 2 кезең: 09.04.2026
Практикалық бағалау 3 кезең: 10.04.2026
Анықтама телефоны: 87164555654
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ бюджетті орындау және бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті жоспарлау, тиісті қаржы жылына арналған бюджетті нақтылау және түзету мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламалар бөлімдерімен және әкімшілерімен жұмыс. Аумақтық салық органымен жұмыс және қала бюджетіне түсетін қосымша резервтерін іздестіру бойынша топтың жұмысына қатысу. Бюджеттік өтінімдерді олардың қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, бюджет параметрлеріне сәйкестігі тұрғысынан қарау және келісу. Бюджет шығыстарының лимиттерін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу. Бюджеттік комиссиясының отырысына материалдар дайындай отырып оның қызметін ұйымдастыру. Бюджетті әзірлеу және жоспарлау сатысында бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру. Қалалық бюджет жобасын қалыптастыру.
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: менеджмент, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент (қолдану саласы мен облысы бойынша), бухгалтер, экономика (сала бойынша), экономист, қаржы, банк және сақтандыру ісі
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.