«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Степногорск қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 28.02.2026 - 02.03.2026
Қабылдау 1 этап: 03.03.2026- 05.03.2026
Қабылдау 2 этап: 10.03.2026
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 11.03.2026
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 14.03.2026
Сұхбат: 18.03.2026
Анықтама телефоны: 87164555654
E-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Степногорск қаласы ішкі саясат бөлімі" ММ дін істері бойынша секторының сектор меңгерушісі, E-R-3 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)
Облыстық құрылымдар үшін уақытылы есептерді ұсынуды қамтамасыз ету, ішкі саясаттың маңызды мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың құжаттарын, қала әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындауға.
Басшылықты маңызды саяси оқиғалар туралы, сонымен қатар дін, конфесияаралық қатынас және мемлекеттік органдардың идеологиялық жұмысы саласындағы жағдайдың өзгерісі бойынша уақытылы ақпараттандыруға. Ішкі саяси үдерістерді, аймақтағы қоғамдық пікір ахуалын, конфесияаралық қарым-қатынасты, азаматтардың электоралды көңіл-күйін жан-жақты зерттеуге және талдауға.
Діни бірлестіктермен, саяси партиялармен, ұлттық-мәдени орталықтармен әрекеттестік жасауға, мәліметтер базасын құруға, аймақтың діни және саяси паспортын құрастыруға, аймақтың діни ақуалын бақылауға.
Тіркелмеген діни бірлестіктердің қызметін анықтау мен жол бермеу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес құқық қорғау органдарымен әрекеттестік жасауға.
Ақпараттық түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру, шешімдердің орындалуын қадағалау.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы жұмысты ұйымдастыру.
Терроризмге қарсы қызмет жоспарын орындау шеңберінде іс-шараларды үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Терроризмге қарсы комиссияның хатшысы болады және терроризмге
қарсы комиссия жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы білуге және сақтауға. Бөлімнің жұмыс тәртібіне, осы қызметтік нұсқаулыққа және өзге нұсқаулық
құжаттарға қатаң сәйкестікте жұмыс істеуге міндетті.
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: тарих, философия, саясаттану, психология, мәдениеттану, шығыстану, теология, түркітану, құқық қорғау қызмет, әлеуметтану, аймақтану, исламтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, тарих және дінтану, халықаралық қатынастар, тарих, дінтану, өңірлік даму
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.