Степногорск қаласы әкімдігінің халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2025 жылғы қызметі туралы есеп

Қазақстан Республикасы

экономика және бюджеттік жоспарлау Министрінің

2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығына

2 қосымша

 

 

Степногорск қаласы әкімдігінің халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2025 жылғы қызметі туралы есеп

 

1.Жалпы ережелер.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының №88-V Заңының 23-бабының 5-тармағына, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметінің есебін қалыптастыру және ұсыну қағидаларының 9-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар интернет-ресурстарда және басқа да БАҚ-та өткен жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметтің нәтижелері туралы есепті орналастырады.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның     23-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

Барлық мүдделі тараптармен жария талқылаулар жүргізу мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

Степногорск қаласының жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепте (бұдан әрі-есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдары, Степногорск қаласының кенттері, ауылдары және ауылдық округі әкімдері көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру шеңберінде Степногорск қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтердің 58 түрін көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтерді Степногорск қаласы, кенттер, ауылдар және ауылдық округ әкімдерінің аппараттары, дербес бөлімдер көрсетеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 5 754 қызметті құрады, оның ішінде:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 338 қызмет;
  • «электрондық үкімет» порталы арқылы - 3 129 қызмет;
  • көрсетілетін қызметті берушілер арқылы қағаз түрінде – 275 қызмет;
  • көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы – 2012 қызмет.

 

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

 

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» - 1 639;

 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» - 472;

«Мүгедек адамдарды техникалық - көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 361;

«Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» - 254;

 

«Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау)жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» - 219.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету талаптары мен тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде айқындалады.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтер көрсететін стендтер жабдықталған, оларда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған, барлық дербес бөлімдерде, кенттерде, ауылдарда және ауылдық округте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.

Степногорск қаласының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Instagram әлеуметтік желісінің парақшасында мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мерзімдері мен орнын түсіндіру бойынша мақалалар жарияланды. 2025 жылы халықты қамту 100% құрады. 2025 жылдың ағымдағы кезеңінде – 7 семинар (дөңгелек үстел) өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды (adilet.zan.kz).

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

2025 жылғы 03 қазанда Қырық құдық ауылында «Сервистік әкімдік» ашылды.

Сондай-ақ, бірыңғай терезе қағидаты бойынша ашық кедергісіз кеңістіктерде халыққа қызмет көрсету үшін Ақсу, Қарабұлақ, Заводской, Бестөбе кенттерінің әкімдіктерінде «Сервистік әкімдіктер» жұмыс істейді.

Осы алаңдарда азаматтар мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы, ЭЦҚ болған кезде не «мобильді үкіметте» тіркелген кезде СМС-пароль арқылы ала алады, сондай-ақ электрондық порталды пайдалана алады «egov.kz». сондай-ақ, қаланың АҚО-да және кенттердің «сервистік әкімдігінің» үй-жайларында барлық қажеттіліктер ұйымдастырылған және жабдықталған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы», компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған, халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерін алу үшін.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат:

2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының жобаларын жария талқылау шеңберінде қала әкімінің сайтында 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары орналастырылды. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау оны жария талқылау үшін орналастырған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады. Қала әкімінің сайтында мемлекеттік қызметтер жобаларын жария талқылау барысында ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар:

Мемлекеттік қызметтерді алу туралы халыққа практикалық көмек көрсету және кеңес беру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар болу деңгейін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында онлайн-форматта 8 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, сондай-ақ 9 «Қызмет алушы күні» ұйымдастырылып, өткізілді.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту саласындағы мемлекеттің саясаты негізінен электрондық үкіметті дамытуға, мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-процестерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылының неғұрлым тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтер жүйесін дамытуға бағытталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге техникалық оқыту жүргізілді, оқытудан 43 қызметкер өтті (100%).

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы мәселелерді қарастыра отырып, Қоғамдық кеңестің 4 отырысы өткізілді.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) 2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға шағымдар түскен жоқ. Степногорск қаласы әкімі аппаратының халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстары жалғастырылатын болады.

2) Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бөлімі 2025 жыл ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша 5 бақылау іс-шарасын өткізді.

3) 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында мақсатты жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді  2026 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

- «Изобильный ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін «Сервистік қызмет көрсету форматына» ауыстыру;

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету (мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартуға жол бермеу, мемлекеттік қызмет көрсету талаптарының сақталуы, есепті деректердің сәйкессіздігіне жол бермеу);

- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу (қала әкімдігінің ресми беттерінде, әлеуметтік желілерде онлайн жәрмеңкелер (тікелей эфирлер) өткізу; БАҚ-та, әлеуметтік желілерде қызметтердің барлық түрлері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы барынша қолжетімді ақпаратты орналастыру, қызмет алушы күні);

- Елді мекендерде цифрлық құжаттарды пайдалану бойынша баннерлер орнату;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру -100%;

- Мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету (пандустар, тактильді жерүсті бағыттағыштар, шақыру түймелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған гигиеналық бөлменің болуы);

- «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін ұлғайту;

- Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша ұсынымдарды орындау;

- 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу;                      

- Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою жөнінде толық шаралар қабылдау;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ҚР заңнамасы талаптарының сақталуына тоқсан сайын бақылау жүргізу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылатын ескірген компьютерлік техниканы жаңарту;

- Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсы туралы ақпаратты өзектендіру;

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қызмет берушілердің қызметкерлерімен техникалық оқу жүргізу;

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне одан әрі енгізу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін анықтау тұрғысында мемлекеттік органдардың функцияларына тұрақты негізде талдау жүргізу;

- ЖАО мемлекеттік органдарында және ведомстволық бағынысты ұйымдарда eGov.kz өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмыс істеуінің мониторингі;

- Қоғамдық кеңес отырыстарында мемлекеттік қызметтер мәселелерін қарау;

- «Көрсетілетін қызметті алушы күнін» өткізу.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Степногорск қаласы әкімдігінің қызметі туралы 2025 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар келесі электрондық мекенжай бойынша қабылданады gosuslugi@stepnogorsk.gov.kz.

 

Степногорск қаласы әкімдігінің халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2025 жылғы қызметі туралы есеп
Дата публикации
26 февраля 2026