Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Қарабұлақ ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі қызметінің 2025 жылғы есебі

Қазақстан Республикасы                                                    Экономика және бюджеттік                                                      жоспарлау Министрінің                                                      2013 жылғы 25 маусымдағы                                                      № 193 бұйрығына                                                     2-қосымша

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша

«Қарабұлақ ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі  

қызметінің 2025 жылғы есебі

 

  1. Жалпы ереже.

          1) Ақмола облысы, Степногорск қаласы, «Қарабұлақ ауылы әкімінің аппараты» ММ, Қарабұлақ ауылы, Сарыарка көшесі, № 24 ғимараты, тел: 87164542116

          2) Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

               6 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1

- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» - 0

- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» – 21

- «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату» - 5

- «Жер учаскесін алуға кезекке қою» – 0

- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 4

Барлық қызметтер тегін көрсетіледі, ақылы қызметтер жоқ.

Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызмет - 22, қағаз түрінде - 9.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

          1) Мемлекеттік қызмет  көрсету тәртібі туралы ақпараттар ауыл әкімшілігінің ақпараттық  стендтерінде бастау алады.

          2) Тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

          3) «Сервистік әкімдік» алаңында «eGov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

 

  1.   Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін жетілдіру бойынша қызметі.

          1) өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы - 128 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер.

          2) «еGov» электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ

2025 жылы уәкілетті орган өткізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша бақылау іс-шарасы өткізілмеді.

Көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат «Қарабұлақ ауылы әкімінің аппараты» ММ ақпараттық стендінде, ресми интернет - ресурста, әкім аппаратының Facebook, Instagram әлеуметтік желісінің ресми беттерінде орналастырылған.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындылары туралы ақпарат зерделеніп, жұмысқа қабылданды, сондай-ақ ресми интернет-ресурста жарияланды.

 

  1. Қызмет алушыны қызмет ұсыну сапасымен қанағаттандыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және тиімділігін арттыру.

          Бөлімде қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарлату мақсатында жұмыстар жүргізіледі:

          - ақпарат тақталары, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы уақтылы ақпараттандыру;

          - мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

 

Қарабұлақ ауылының әкімі                                                             М. Исмағұлов

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Қарабұлақ ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі қызметінің 2025 жылғы есебі
Дата публикации
26 февраля 2026