Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығына 2-қосымша
2025 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
«Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімінің
аппараты» ММ қызметі туралы
ЕСЕП
1.Жалпы ережелер.
1) «Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Байқоныс ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 1-ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан. Тел: 8(771)525-97-99.
2) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 6 түрі бойынша:
-Қаланың немесе ауылдың жерінен жер учаскесін беру (бірінші кезең)
- 0;
-Қаланың немесе ауылдың жерінен жер учаскесін беру (екінші кезең) - 0;
- «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық алубірінші кезең» - 1;
- «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық алу екінші кезең» - 3;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдау» 0;
- «Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп сату»-2;
- «Жер телімін алуға кезекке қою» - 0;
- «Жер телімін жалға алуға мерзімін ұзарту» - 4;
Барлығы мемлекеттік қызметтер көрсетілді -20 қызмет.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Электрондық нысанда -19 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
Қағаз нысанда-1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
1) Ауылдық округінің әкімдігіндегі ақпараттық стендтер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көзі болып табылады;
2) «Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде және ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты орналастыру, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3) «Egov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2025 жыл ішінде 96 қызмет көрсетілді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы келесі қызметтер жиі көрсетіледі:
- наркологиялық диспансерден,
- психоневрологиялық диспансерден,
- фтизиатрдан;
3.Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру үшін іс-шаралар.
1) 2025 жылы халық арасында цифрлық құжаттарды пайдалануды насихаттау бойынша баннерлер орнатылды;
2) «Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ электрондық сайттарында және «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінде ақпаратты орналастыру арқылы мемлекеттік қызметтерді алу туралы халық арасында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімде ұсынылды.
2025 жылы уәкілетті орган өткізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша бақылау іс-шарасы өткізілмеді.
2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындылары туралы ақпарат зерделеніп, жұмысқа қабылданды, сондай-ақ ресми интернет-ресурста жарияланды.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында кент әкімінің аппаратымен:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу бойынша;
- БАҚ және ақпараттық стендтер арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету бойынша;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігі мен құзыретін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бөгенбай ауылдық округінің әкімі Ж. Өтісхан