Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
2-қосымша
Есеп
2025 жылғы «Степногорск қаласының құрылыс бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.
«Степногорск қаласының құрылыс бөлімі» ММ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 15.04.2013 жылғы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
Мемлекеттік мекеме мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Барлық мемлекеттік қызметтерді көрсету нысаны – электрондық.
2025 жылы қызмет көрсетілмеді.
Жоғарыда аталған қызметтер Степногорск аймағы бойынша талап етілмеген, Степногорск аймағында коммерциялық тұрғын үй құрылысының болмауына байланысты.
Жоғарыда аталған қызметтер электрондық үкімет порталы арқылы не Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы берілген өтініштер мен электрондық құжаттар бойынша көрсетілуі мүмкін.
Әкімдік ғимаратында, 1 қабатта "сервистік әкімдік" алаңында азаматтарды қабылдау орталығы орналасқан, Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, онда көрсетілетін қызметті алушыларға электрондық цифрлық қолтаңба алуға, қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндірме алуға және бір мезгілде кез келген қызметті электрондық түрде алуға мүмкіндік беріледі.
Facebook, Instagram бөлімнің әлеуметтік желісінің ресми парақшаларында, Степногорск қаласы әкімдігінің ресми интернет - ресурсында, ақпараттық стендте Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен ережелері орналастырылған.
2025 жылы әлеуметтік желінің ресми беттерінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері жарияланды.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындылары туралы ақпарат зерделеніп, жұмысқа қабылданды, сондай-ақ ресми интернет-ресурста жарияланды.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары:
- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау.
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу.
Көрсетілетін қызметті берушінің мамандары жұмыс күні ішінде 8(71645)7-35-30 телефоны бойынша көрсетілетін қызметті алушымен тегін консультациялар ұсынады.
Бөлім басшысы А.Қ. Игберденов