Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ақпарат.
2025 жылы әлеуметтік көмектің барлық түрлерімен 4257 адам қамтылды.
Шұғыл әлеуметтік көмекке мұқтаж белгілі бір жағдайларға байланысты отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған.
Әлеуметтік көмек өтініш бойынша табыстарды есепке алмағанда жылына 1 рет көрсетіледі:
табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға үш айдан кешіктірмей;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей;
әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға (қатерлі ісіктер, адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру, бірінші типті қант диабеті;
химиопрофилактика кезеңінде туберкулезді жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне;
бірінші типті қант диабеті ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне;
«балалардың церебральды сал ауруы» бар денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне.
Әлеуметтік көмек өтініш бойынша ай сайын кірістерді есепке алмай көрсетіледі:
адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар, 2 күнкөріс деңгейі мөлшерінде диспансерлік есепте тұрған жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне;
амбулаториялық емделіп жатқан туберкулез ауруы бар адамдарға 6 айдан аспайды;
Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне 1,7 еселенген шектен аспайтын өтініш бойынша жылына 1 рет көрсетіледі:
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға;
пробация қызметтінің есебінде тұрған адамдарға.
Қабылдау «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, 4 шағын аудан, 1 ғимарат, 22 каб. жүргізіледі. Телефон 59718.