2025 жылы Степногорск аймағы бойынша мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын іске асыру туралы ақпарат

2025 жылы Степногорск аймағы бойынша мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын іске асыру туралы ақпарат

«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құзыреті шеңберінде Степногорск қаласының және жақын маңдағы кенттердің мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын (бұдан әрі – АОЖБ) іске асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.

31.12.2025 жылғы жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдардан АОЖБ бойынша іс - шараларды іске асыруға барлығы 1301 өтініш берілді, 1227 өтінім қамтамасыз етілді, орындалу пайызы 94,4% құрайды (орташа облыстық орындалу пайызы-94,5%).

Көмек түрлері бойынша:

- протездік-ортопедиялық көмекке - 140 өтінім

- сурдолотехникалық құралдарға - 22 өтінім

- тифлотехникалық құралдарға - 77 өтінім

- арнаулы жүріп-тұру құралдарына (кресло-арбалар) - 67 өтінім

- санаторийлік-курорттық емделуге - 163 өтінім

- ымдау тіл маманының қызметіне - 21 өтінім

- міндетті гигиеналық құралдарға - 811 өтінім.

 

АОЖБ бойынша аталған іс-шараларды іске асыруға 2025 жылы республикалық, облыстық және жергілікті бюджет қаражатынан                       256,2 млн.теңге бөлінді.

Мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз ету электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беру арқылы жүзеге асырылады(www.egov.kz сайты) және одан әрі әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру үшін aleumet.egov.kz

Мүгедектігі бар адамдар 1414-тен смс-хабарлама алған кезде хабарламаны алған сәттен бастап 2 күнтізбелік ай ішінде ұсынылған тауарларды немесе қызметтерді алуға тапсырыс ресімдеуі қажет екенін хабарлаймыз.

2025 жылы Степногорск аймағы бойынша мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын іске асыру туралы ақпарат
Дата публикации
10 февраля 2026