Степногорск қаласының 2025 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Өнеркәсіп
Кәсіпорындар 547 235,2 млн. теңгеге тауарлық өнім өндірді, өнеркәсіп өндірісінің индексі 90,4% – 8, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі-89,6% - құрады.
Ақмола облысының өнеркәсіптік өндірісіндегі Степногорск қаласының үлесі 22,7% - құрады.
Инвестиция
Қала экономикасына 48 184,1 млн. теңге инвестиция салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 184,6 %.
Кәсіпкерлікті дамыту
2026 жылғы 1 қаңтарға әртүрлі салаларда 3 811 шағын және орта бизнес субъектілері қызметін жүзеге асырады.
Тіркелген субъектілер қатарындағы жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 94,3% құрады. Жыл басынан бері 507 жаңа жұмыс орны құрылды.
Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде:
- несие сомасы 896,2 млн. теңгеге 10 жоба субсидияланады.
- 80 млн. теңгеге 1 жоба кепілдік алды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне 8 млн. теңге сомасына 2 грант берілді.
Кепілдік қоры шеңберінде 228,7 млн. теңге сомасына 12 кредит берілді.
Бөлшек тауар айналымы 37 363,3 млн. теңгені, НКИ-92,3% құрады. Көтерме сауда көлемі 113 701 млн. теңгені құрады, НКИ - 292,2 %.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында Степногорск өңірінің және облыс пен Астана қаласының жақын аудандарының тауар өндірушілерінің қатысуымен 52 жәрмеңке өткізілді, онда 580,6 млн.теңге сомаға өнім сатылды.
Бюджет
Бюджеттің барлық деңгейлеріне 82 814,4 млн. теңге сомасына салықтар мен төлемдер түсті. Жергілікті бюджетке – 20 016 млн. теңге, оның ішінде қалалық бюджетке – 10 582,8 млн.теңге.
Республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттерді ескере отырып, 16 675,2 млн.теңге немесе жоспарға 98,4% игерілді.
Ауыл шаруашылығы
Жалпы өнім 8 197,7 млн. теңгеге шығарылды, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 6 045,8 млн.теңге, мал шаруашылығы – 2 144,1 млн. теңге. Жалпы өнімнің НКИ
102,4 % құрады.
Мал мен құс басы: ІҚМ – 12,9 мың, қой мен ешкі – 18,3 мың, жылқы – 16,6 мың, құс – 11,9 мың, шошқа-133.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 15 401 млн. теңгені құрады. НКИ-98,4%. 2067 ш. м - тұрғын үй пайдалануға берілді.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына 175 адам енгізілді.
2026 жылдың 1 қаңтарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 4 054 адам өтініш білдіріп, 3 028 адам жұмысқа орналастырылды.
3 028 жаңа жұмыс орны құрылды.
4891 адамға әлеуметтік көмек тағайындалды.
228 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілді.
Білім беру
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2 593 тәрбиеленуші бар, 3 жастан
6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%, 1 – ден 6-ға дейін-90,1%, 2 – ден 6-ға дейін
93,5 %.
Орта білім беру оқушыларының саны 9 474 оқушыны құрады.
Барлығы 11 – сынып түлектері - 414, оның ішінде «Алтын белгі» - 31, 27 түлек Үздік аттестат алды.
Мәдениет және спорт
2025 жылы 688 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Халықты дене шынықтыру және спортпен қамту көрсеткіші 43% - құрады. Дене шынықтыру және спорт ұжымдарында 126 спорт секциясы құрылды, олардың сабақтарымен 28,6 мың адам қамтылды.
2025 жылы қала мен кенттердің мәдениет ұйымдарында 6188-ден астам іс-шара өткізілді, оған 3135,3 мыңнан астам адам қатысты. Мәдениет мекемелерінде 100 клубтық құрамада 2,5 мың қатысушы жұмыс істейді.