Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау

 

Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілері келесі қолдау түрлерін пайдалана алады:
несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кепілдік қорлар шеңберінде несиелерге кепілдік беру, жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу және гранттық қаржыландыру.
Субсидиялау және кепілдендіру құралдары бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын қаржылық агент - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры болып табылады.
Өтінімдерді online.damu.kz, egov.kz порталдары арқылы немесе өңірлік филиалдарда беруге болады.
Ең сұранысқа ие қолдау шараларының бірі – гранттық қаржыландыру. Ол әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл — бір өнім» бағдарламасының финалистеріне қайтарымсыз негізде ұсынылады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік санаттары туралы ақпарат карусельде ұсынылған ➡️
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтінімдер тоқсан сайын айдың 1-інен 15-іне дейін қабылданады.

Дата публикации
26 декабря 2025