«Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

«Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

Степногорск қалалық мәслихатының шешімі жобасына баспасөз-релизі

Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/4 «Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Жария талқылауларды өткізу мерзімі 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін.

Жоба туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында, сондай-ақ жоба Степногорск қаласы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған.

 

«Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының шешімі жобасына

түсіндірме жазба

 

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 492 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 37443 болып тіркелген).

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жергілікті бюджет есебінен.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

          Жоқ.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау: коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын, сондай-ақ коммуналдық қызметтер бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу үшін шығыстардың жол берілетін шекті деңгейін белгілеу

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

«Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8775-03 болып тіркелген).

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Талап етілмейді.

  1. Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

          11.12.2025 жылы Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында, сондай-ақ «Ашық нормативтік құқықтық актілердің» интернет-порталында орналастырылған.

  1. Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

           Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында орналастырылған.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

          Жоқ.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Талап етпейді.

 

 

Степногорск қаласының

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің басшысы                                            Е. Сейітмағанов

 

«Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»

Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

Степногорск қалалық мәслихатының шешімі жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

 

№ п/п

Құрылым

дық

элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылған редакция

Негіздемелер

1.

Шешімнің тақырыбы

Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

 

Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы

«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес келтіру

2.

Шешімнің 1-тармағы

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшері айқындалсын.

3.

Қосымшаның тақырыбы

Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі

 

Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшері

4.

4 - тармағы

4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 10 (он) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 5 (бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:

1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары пәтерде бір адамға он бес текше метрден аспайды;

тұрғын үйді жылытуға жеке тұрғын үйдің тұтынушылары үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір шаршы метрге он бес текше метрден аспайды;

2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;

бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;

4) есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары айына бір шаршы метрге нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;

5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;

6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;

7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;

8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;

9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;

10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.

Өзгерістерге байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру

 

5.

6 - тармағы

6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) Қағидаларға сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) Қағидаларға сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

Өзгерістерге байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру

 

 

 

Степногорск қаласының жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы                                                                                                                     Е. Сейітмағанов

 

«Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/4 «Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8775-03 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы»;

шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшері айқындалсын.»;

көрсетілген шешімнің қосымшасындағы тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшері»;

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

4- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 5 (бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:

1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары пәтерде бір адамға он бес текше метрден аспайды;

тұрғын үйді жылытуға жеке тұрғын үйдің тұтынушылары үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір шаршы метрге он бес текше метрден аспайды;

2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;

бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;

4) есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары айына бір шаршы метрге нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;

5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;

6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;

7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;

8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;

9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;

10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.»;

6- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) Қағидаларға сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының шешімі жобасына баспасөз-релизі
Дата публикации
11 декабря 2025