Степногорск қаласы әкімдігінің «2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерін бекіту туралы» қаулысының жобасына баспасөз- релизі

Степногорск қаласы әкімдігінің «2026 жылға арналған арнаулы

әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерін бекіту туралы» қаулысының жобасына баспасөз- релизі

          «2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерін бекіту туралы»  Степногорск қаласы әкімдігінің қаулы жобасы (бұдан әрі - Жоба) Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес әзірленді. Қоғамдық талқылаулар мерзімі 2025 жылдың 27 қарашадан 12 желтоқсанға дейін.

Жоба туралы мәлімет жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15709679

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» қаулысының жобасы бойынша ақпарат

1.       

НҚА жобасының атауы

(НҚА түрін көрсете отырып)

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы (Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы)

2.      

Әзірлеуші мемлекеттік орган

«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

3.      

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес.

4.      

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту.

5.      

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Әлеуметтік осал азаматтарға, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

6.      

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды.

2026 жылға арналған арнаулы

әлеуметтік қызметтер

көрсетуге тарифтерін

бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:     

  1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Степногорск қаласының әкімі                                                              Г. Қасенов

 

2026 жылға бір көрсетілетін қызметті алушыға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер

 

№

Түрлері

Бір көрсетілетін қызметті алушыға бір күнге тариф, теңгемен

 

1.

Үйде қызмет көрсету жағдайында

3131,44

2.

Уақытша болу жағдайында

(тұрмыстық зорлық-зомбылық    құрбандары)

8681,43

3.

Уақытша болу жағдайында (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар)

12147,27

4.

Жартылай стационар жағдайында (психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар)

5591,75

Степногорск қаласы әкімдігінің «2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерін бекіту туралы» қаулысының жобасына баспасөз- релизі
Дата публикации
28 ноября 2025