Өнеркәсіп
Кәсіпорындар 402,7 млрд. теңгеге тауарлық өнім өндірді, өнеркәсіптік өндіріс индексі 92,8%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі - 95,5% құрады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірді:
- алтын - 3,9 мың кг;
- мойынтіректер - 12,3 мың тонна;
- уран - 1300 тонна;
- мыс концентраты - 9,4 мың тонна;
- өсімдіктерді қорғау құралдары - 2,1 мың тонна;
- күкірт қышқылы - 144,8 мың тонна;
- электр энергиясы - 423,4 млн. кВтсағ;
- жылу энергиясы - 520,4 мың Гкал;
- спирт - 3351 мың Л.
Ақмола облысының өнеркәсіптік өндірісіндегі Степногорск қаласының үлесі 23% құрады.
Ауыл шаруашылығы
Жалпы өнім 5,8 млрд. теңгеге шығарылды, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 4,3 млрд.теңге, мал шаруашылығы - 1,5 млрд. теңге. Жалпы өнімнің
НКИ 99,7% құрады.
Инвестициялар
Қала экономикасына 25,5 млрд. теңге инвестиция салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 185,6 %.
Ағымдағы жылы жеке секторда жобаларды іске асыру жүргізілуде:
- «Organic Food» ЖШС картоп қоймасын салу;
- «Қазақалтын Technology» ЖШС №2 қалдық қоймасының құрылысы;
- «Ақсу Technology» ЖШС АШЗ Ақсу 2-кезең ұсақтау-сұрыптау кешенін жаңғырту;
- «Ақсу Technology» ЖШС кенді-малтатасты ұсақтау кешенін орнату;
- «СГХК» ЖШС гидрометаллургиялық зауытын реконструкциялау;
- «Степногорск ЖЭО» ЖШС жаңғырту.
Сондай-ақ бюджеттік бағыттар бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру, оның ішінде:
- Бестөбе кентінде дене шынықтыру-сауықтыру және ашық спорт кешендерін салу;
- Қарабұлақ ауылында Мәдениет үйін салу;
- қаланың жылу желілерін реконструкциялау және ағымдағы жөндеу;
- ТВНСП сорғы станциясынан қалаға дейінгі магистральдық су құбырларын реконструкциялау;
- Изобильное ауылында сумен жабдықтау жүйесін салу;
- вокзал ғимаратын реконструкциялау.
Кәсіпкерлікті дамыту
2025 жылғы 1 қазанда түрлі салаларда 3796 шағын және орта бизнес субъектілері қызметін жүзеге асырады.
Тіркелген субъектілер қатарындағы жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 93% құрады. Жыл басынан бері 475 жаңа жұмыс орны құрылды.
Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде:
- несие сомасы 802,5 млн. теңгеге 5 жоба субсидияланады;
- 80 млн. теңгеге 1 жоба кепілдік алды.
Бөлшек тауар айналымы 23,4 млрд. теңгені құрады, НКИ - 118,8 %. Көтерме сауда көлемі 57,3 млрд. теңгені құрады. НКИ - 209,9 %.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында Степногорск өңірінің және облыс пен Астана қаласының жақын аудандарының тауар өндірушілерінің қатысуымен 39 жәрмеңке өткізілді, онда 456,4 млн.теңге сомаға өнім сатылды.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 9,4 млрд. теңгені құрады. НКИ - 94,3 %. Тұрғын үй пайдалануға берілді - 1716 ш. м.