«Жасыл аймақтағы» өңірлерде неге дәстүрлі білім беруді енгізуге болмайды?

Шартты аймақтарға бөлу — бұл күн сайын мониторинг жүргiзiлетiн өзгермелi жағдай. Бүгiн «жасыл» аймақта болған өңiр ертең «сары» аймаққа өтуi мүмкiн. Оның үстiне, жағдайға елдегi аурудың жаппай өсуi, соңғы айларда 2-5 есеге артуы әсер етедi. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетiнiң төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлiмдедi.

«Нормативтiк-құқықтық актiлерде жазылған және КВИ таралуының алдын алуға бағытталған ережелер мектептерде сақталмаса, бұл ешқандай нәтиже бермейдi. Мектептегi балалар осы талаптардың барлығын орындайтынына сенiмдi болу өте қиын десем, менiмен бәрi келiсетiн шығар. Сонымен қатар, климаттық жағдайларды ескере отырып, желдету үшiн барлық жағдайларды жасау өте қиын. Әрине, терезелер ашылмайды. Бұл жағдайда вентиляция жұмысы қауiпсiз ауа алмасуды қамтамасыз ете алады. Қазiргi ауа-райы жағдайында желдету — алдын алу шараларының бiрi, оны жылыту маусымына байланысты сақтау өте қиын. Ылғалдылық аэрозольдiң сақталу және тұнып қалу уақытына тiкелей әсер етедi. Егер ауруды тасымалдаушы оқушы немесе мұғалiм болса, қиын болады. Осы шаралардың барлығын және көрсеткiштердi ескере отырып, дәстүрлi оқуға ауысу немесе ауыспау туралы шешiм қабылданады», — деп жауап бердi Есмағамбетова журналистiң сұрағына. Сонымен қатар, нақты елдi мекендегi эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңiрдiң бас санитарлық дәрiгерi рұқсат беруi мүмкiн екендiгiн атап өттi.

Дата публикации
19 ноября 2020