«Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің жанындағы «Достық және шығармашылық үйі» МКҚК директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Мекен-жайы: Степногорск қ., 3 ш.а., 16 Б ғимараты.
Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы «Достық және шығармашылық үйі» МКҚК негізгі қызметі мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты мақсатты, кешенді, мәдени бағдарламаларды жүргізу, халықтың әртүрлі топтарының мәдени сұраныстары мен қажеттіліктерін зерделеу, халықтың, еңбек ұжымдарының, заңды тұлғалардың әлеуметтік-шығармашылық тапсырыстарын іске асыру, қоғамдық ұйымдармен, коммерциялық құрылымдармен, шығармашылық одақтармен тиісті шарттар жасасу болып табылады.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) немесе басқару және құқық (экономика, құқық) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе мәдениет, спорт ұйымдарындағы жұмыс өтілі 5 жылдан аспайды.
Қонкурсқа қатысқысы келетін адамдар конкурстық комиссияға мына құжаттарды тапсырулары қажет:
1) нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме;
4) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
8) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
9) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
10) Бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
11) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
12) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
13) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 13 қазан мен 27 қазан аралығында «Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімін» ММ жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, № 1 ғимарат, 803 кабинет.
Тел: 8 (71645) 7-36-94, 7-36-91, 7-35-07