«Іргелес аумақты және ғимараттың қасбетін үздік абаттандыру» облыстық конкурсы туралы хабарлама

«Іргелес аумақты және

ғимараттың қасбетін

үздік абаттандыру»

облыстық конкурсы туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

          аудандардың, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, «Іргелес аумақты және ғимараттың қасбетін үздік абаттандыру» облыстық конкурсын өткізсін;

          «Іргелес аумақты және ғимараттың қасбетін үздік абаттандыру» облыстық конкурсын өткізу жөніндегі комиссия құрылсын;

          «Іргелес аумақты және ғимараттың қасбетін үздік абаттандыру» облыстық конкурсын өткізу шарттарын әзірлеп бекітсін.

  1. «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы кең ауқымды ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастырсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Е.М. Рамазановқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Іргелес аумақты және ғимараттың қасбетін үздік абаттандыру» облыстық конкурсы туралы хабарлама
Дата публикации
08 октября 2025