«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ келесіні хабарлайды.
2020 жылғы 4 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде жұмыс берушілердің Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (бұдан әрі – ЕШЕАЖ) келесі ақпараттарды енгізу міндеті көзделген:
- қызметкерлермен еңбек шартын жасасу және бұзу туралы;
- еңбек шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Осыған байланысты барлық еңбек шарттарын электрондық форматқа көшіруді қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
www.enbek.kz электрондық еңбек биржасы порталында «Еңбек шарттары» сервисі іске қосылған (тегін негізде), онда қолданыстағы еңбек шарттарын тіркеу қажет.
Электрондық еңбек биржасы порталында «Көмек» бөлімінде «Жұмыс берушілерге еңбек шарттарын порталға тіркеу бойынша нұсқаулық» орналастырылған.
Қосымша түрде назарларыңызды аударамыз: заң жобасының мақсаты – ЕШЕАЖ-да есепке алу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу, атап айтқанда:
Электрондық еңбек шарттарын енгізу бағдарламасын интеграциялау мәселелері бойынша түсіндірмелерді Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 8 (71645) 5-97-17 телефоны арқылы алуға болады.