ХАБАРЛАНДЫРУ
Степногорск қаласы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық (ішкіреспубликалық) автомобиль көлігімен тасымалдау маршруттарын қызмет көрсетудің құқығына конкурс өткізу туралы
«Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) Степногорск қаласы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық (ішкіреспубликалық) автомобиль көлігімен тасымалдау маршруттарын қызмет көрсетудің құқығына конкурс өткізілетінін хабарлайды. Конкурс 2025 жылғы 3 қазан, сағат 15:00-де мына мекенжайда өтеді: Степногорск қ., 4-1 ықшам ауданы, №903 кабинет.
- Конкурсқа келесі маршрут пакеттері қойылады:
- Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, автокөлік құралдарына меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелік ететін кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер конкурс құжаттамасының жинағын алу үшін мына мекенжайға жазбаша өтінім беруі тиіс: Степногорск қ., 4-1 ықшам ауданы, №903 кабинет.
- Конкурс құжаттамасын алу үшін өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2025 жылғы 19 қыркүйек.
- 2025 жылғы 11 қыркүйекте, сағат 15:00-де Акимат ғимаратында конкурс комиссиясы конкурс өткізу мәселелері бойынша алдын ала конференция өткізеді.
- Анықтама үшін телефон: 8(71645)55370.
Конкурс құжаттамасы