«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев: «КВИ ықтимал жаңа толқынына дайындалу мақсатында шаралар қабылданды:
1️⃣ барлық медициналық ұйымдарда үнемi толықтырылатын айлық дәрiлiк заттар қоры қалыптасады. Бүгiнгi таңда 20 млрд.теңгеден астам сомаға 91 түрлi дәрi-дәрмек тиелдi.
2️⃣ пневмониясы бар КВИ науқастарын тегiн амбулаториялық дәрi — дәрмекпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған (5 атау-парацетамол және Ибупрофен жаропонижающие препараттар, Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран антикоагулянттары). Шамамен 2 млрд. теңге сомасына шамамен 1 млн. адамды қамту жоспарлануда.
3️⃣ айына стационарларда 60 000 пациенттi болжайтын covid-19 емдеу үшiн 44 дәрi-дәрмек сатып алынады. COVID-19 бойынша ДЗ екi айлық азаймайтын қоры қалыптастырылды, дәрiлердiң 44 атауынан 39 дәрi-дәрмек сатып алынды. Гуманитарлық көмек шеңберiнде қажеттi дәрi-дәрмектердi жеткiзу мәселесi қосымша пысықталуда.
4️⃣ барлық аймақтарда медициналық қызметкерлер үшiн жеке қорғану құралдарының үш айлық қоры жасалған».
