ХАБАРЛАНДЫРУ Степногорск қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

ХАБАРЛАНДЫРУ

Степногорск қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» (бұдан әрі – Бөлім) ағымдағы жылдың қазан айында өтетін экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асырудың қорытынды салтанатты іс-шарасы «Тaza Қазақстан» қарсаңында, қаламыздың қоқыс шығару ұйымдары мен санитарлық тазарту жұмыстарын жүзеге асыратын қызметкерлері арасында конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаты – коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбегінің беделін арттыру, жұмысқа адал қарауды ынталандыру, сондай-ақ қаладағы тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша үздік тәжірибелерді кеңінен тарату.

Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

  1. Қоқыс шығаратын ұйымның үздік қызметкері

Бағалау критерийлері:

№

Критерий

Қалай өлшенеді

1

Қалдықтарды шығару саласындағы еңбек өтілі

Еңбек өтілі

2

Айына қызмет көрсетілген маршруттар саны

Жол парақтары, GPS-трекерлер, табельдер

3

Шығу және келу кестесін сақтау

GPS-есеп, есеп журналы

4

Алғыс хаттар немесе оң пікірлер саны

Азаматтардың өтініштері, басшылықтың ішкі бағалауы

5

Жол қозғалысы ережесін бұзу саны

Ресми деректер бойынша

  1. Санитарлық тазарту жұмыстарының үздік қызметкері

Бағалау критерийлері:

№

Критерий

Қалай өлшенеді

1

Санитарлық тазарту саласындағы еңбек өтілі

Еңбек өтілі

2

Тазаланатын аумақтың көлемі (м²)

Бекітілген аумақ бойынша

3

Оның аумағына қатысты тұрғындардың шағым/өтініш саны

Өтініштер журналы, жедел желі деректері

4

Қызметкер қатысқан сенбіліктер саны

Сенбіліктер саны

📄 Қосымша: ___ парақта.

🗓 Өтінімдер 2025 жылғы 26 тамыздан 2 қыркүйекке дейін қабылданады.
📧 Өтінімдерді Бөлімнің электрондық поштасына жіберу қажет: jkh@stepnogorsk.gov.kz.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Тaza Қазақстан» салтанатты іс-шарасында марапатталады.

ХАБАРЛАНДЫРУ Степногорск қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»
Дата публикации
25 августа 2025