Степногорск қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Степногорск қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүруіне ақы төлеу бойынша жеңілдікті белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға;
5) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жоюға қатысқан, сондай – ақ ядролық сынақтарға тікілей қатысқан адамдарға;
6) Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардың және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға;
7) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектің бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруы шалдығуыс салдарынан болған мүгедектігі бар адамға теңестірілген теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндер қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғынына» белгісімен марапатталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына);
8) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар аналарға;
9) мүгедек баланы күтуді жүзеге асыратын адамдарға (жәрдемақы алушылар);
10) Степногорск қаласының құрметті азаматтарына;
11) саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргін құрбандарына;
12) 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
13) социалистік Еңбек батыр мен «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға;
14) жасы бойынша зейнеткерлерге;
15) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға;
16) үйге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік қызметкерлерге беріледі.
Осы Степногорск қаласы әкімдігінің бірлескен қаулыcы және Степногорск қалалық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Степногорск қаласының әкімі |
|
Г.Қасенов |
|
Қалалық мәслихат төрағасы |
|
О.Жағыпаров
|