Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 желтоқсанда № 8950 тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.08.2023 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жiберу туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
|
Министрдің міндетін атқарушы |
С. Сарсенов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
_________________ Т.Дүйсенова
2013 жылғы "___" ____________
|
|
Қазақстан Республикасы |
Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.08.2023 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) таксимен тасымалдаушы – интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметтерін көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) шағын автобус – жасаушы зауыт көздеген жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын ерекше шағын сыныптағы автобус;
3) инватакси – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған автомобиль;
4) такси – Тасымалдау қағидаларына сәйкес жабдықталған, жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңіл автомобиль.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.08.2023 № 602 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Автокөлік құралдарымен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету тәртібі
Шағын автобуста жабдықпен жабдықталған және кресло-арбадағы мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі үшін де, мүгедектігі бар адамдармен бірге жүретін адамдар үшін де пайдаланылатын бір есіктің болуына жол беріледі.
3-тарау. Мүгедектігі бар адамдарға такси қызметтерін ұйымдастыру және көрсету
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21-1. Мемлекеттік органдар мен мекемелер отырғызуды, түсіруді жүзеге асыратын немесе мүгедектігі бар адамдарды күтіп тұрған "Мүгедектігі бар адам" тану белгілері бар инватакси үшін өздерінің әкімшілік ғимараттарының аумағындағы автотұрақтарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Ескерту. 3-тарау 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-тарау. Инватакси қызметтерін көрсету тәртібі
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес инватакси қызметтерін ұсыну үшін объектілер мен межелі пункттердің тізбесі (бұдан әрі-тізбе);
2) тәулік ішінде күндізгі және түнгі уақытта инватаксидің жұмыс режимі, демалыс және мереке күндері;
3) инватакси тасымалы жүзеге асырылатын және диспетчерлік қызмет орналасқан, сондай-ақ оған инватакси қызметтерін көрсететін ұйымның автокөлік құралдары бекітілетін елді мекен;
4) инватаксиді тасымалдау жүзеге асырылатын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін инватакси қызметтері;
5) инватакси қызметтерін көрсететін ұйым мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтерінің, оның ғимараттары мен құрылысжайларының (бар болса), қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді, оларға инватакси қызметтерін көрсету кезінде қажетті ыңғайлылықтар мен жағдайлар жасайды;
6) тәуліктің кешкі және түнгі уақытында, демалыс және мереке күндері мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсету үшін кезекші инватаксилердің болуы.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің м.а. 19.06.2025 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) кресло-арбалармен қозғалатын және (немесе) өз бетінше қозғалу мүмкіндігі жоқ мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жарақтандырылған автокөлік пайдаланылады;
2) өз бетінше жүріп-тұру мүмкіндігі бар және кресло-арбаларды пайдаланбайтын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жарақтандырылмаған автокөлік құралдарын пайдалануға жол беріледі.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26-1. 12 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды инватакси конструкциясында көзделген қауіпсіздік белдіктерінің көмегімен баланы байлауға мүмкіндік беретін арнайы балалар ұстау құрылғысы немесе өзге де құралдар болмаған кезде, ал арнайы балалар ұстау құрылғысы болмаған кезде инватаксидің алдыңғы отырысында инватакси тасымалдауға жол берілмейді.
Ескерту. 4-тарау 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26-2. Жергілікті атқарушы орган ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инватаксидің орындалған жұмыстарын растайтын мүгедектігі бар адамдардың нақты қолдары, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын растау үшін мүгедектігі бар адамдардың өтінімдерінің жазбалары бар маршруттық парақтарды жинауды жүзеге асырады.
Ескерту. 4-тарау 26-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) "Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32994 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер;
2) "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) 2-қосымшаның 5-тармағына сәйкес протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнаулы жүріп-тұру құралдарын беруге медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер;
3) құрылымында психикалық тұрақты мінез-құлықтағы анағұрлым бұзылысы бар, "Аутистік спектрдің бұзылуы F84.0-F84.5" диагнозы, "Ақыл-ой кемістігі F70-F79" диагнозы, Даун синдромы Q90 (Q90.0, Q90.1, Q90.2, Q90.9), жамбас пен жамбастың жасөспірімдік остеохондрозы M91 (М91.0, М91.1, М91.2, М91.3, М91.8, М91.9), көз ауруы және оның қосымша аппараты H00-H59, сүйек ақауынан туындаған туа біткен сколиоз Q76.3, бас жарақаттарының салдары Т90 (Т90.0, Т90.1, Т90.2, Т90.3, Т90.4, Т90.5, Т90.8, Т90.9), сирингомиелия G95.0, туа біткен ауытқулар, деформациялар және хромосомалық бұзылулар Z87.7, 4 дәрежелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, екі жақты уретрогидронефроз N18.8, өткізгіш және нейросенсорлық есту қабілетінің жоғалуы Н90, басқа есту қабілетінің жоғалуы Н91, қатерлі ісіктер C00-C97, дистония G24, тұқым қуалайтын атаксия G11, жұлынның бұлшыкет атрофиясы және онымен байланысты синдромдар G12, бұлшыкеттің алғашқы зақымдануы G71, шашыраңқы склероз G35, полиневропатия және басқа перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануы G60-G64, spina bifida (жұлын каналының толық жабылмауы) Q05 (Q05.0, Q05.1, Q05.2, Q05.3, Q05.4, Q05.5, Q05.6, Q05.7, Q05.8, Q05.9), негізгі ергежейлілікпен көрінетін туа біткен ауытқулар синдромдары Q87.1, аяқ-қолдардың басқа жүре пайда болған деформациялары M21, бұлшыкеттің басқа бұзылыстары M62, цереброваскулярлық аурурлардың салдары I69, жамбас сүйгінің сынуы S72, басқа айдарларда жіктелмеген жарақаттан кейінгі жара инфекциясы T79.3, төменгі аяқ-қол жарақаттарының салдары T93, жүйке жүйесінің аурулары G00-G99, жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің ауруының жеке анамнезде Z86.6, орталық жүйке жүйесінің басқа анықталған зақымданулары G96.8, шизофрения F20, микроцефалия Q02, мидың басқа нақтылған туа біткен ауытқулары Q04.8, гиперинсулинизм, жүйке жүйесінің басқа бұзылыстары G90-G99, эпилепсия G40 (G40.1, G40.2, G40.3, G40.4), церебральды сал ауруы G80 (G80.0, G80.1, G80.2, G80.3, G80.4, G80.5, G80.6, G80.7, G80.8, G80.9), басқа паралитикалық синдромдар G83, myasthenia gravis және жүйке-бұлшыкет синапсының басқа бұзылыстары G70, жұлының бұлшыкет атрофиясы және онымен байланысты синдромдар G12, басқа миопатиялар G72, сколиоз М41 (М41.0, М41.1, М41.2, М41.3, М41.4, М41.5, М41.8, М41.9).
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің м.а. 19.06.2025 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Қызметті алу үшін мүгедектігі бар адам инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе туу туралы куәлік;
3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
4) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама.
2), 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мүгедектігі бар адамға қайтарылады.
Жеке және заңды тұлғаларға цифрлық құжаттар сервисі арқылы пайдаланылатын және ұсынылатын жеке басты куәландыратын құжаттар қағаз жеткізгіштегі құжаттарға тең.
Медициналық мекемеде (емханада) мүгедек баланың немесе мүгедектігі бар адамның негізгі және (немесе) ілеспе диагнозына сәйкес келетін бейінді маман болмаған кезде медициналық мекеменің (емхананың) дәрігерлік-консультациялық комиссиясы тиісті біліктілігі мен медициналық қызметке лицензиясы бар жеке бейінді маманның қорытындысын негізге алады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 19.06.2025 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өз бетінше жүріп-тұру мүмкіндігі жоқ және (немесе) осы Қағидалардың 28-тармағының 3) тармақшасына сәйкес медициналық көрсетілімдері бар мүгедектігі бар адам ілесіп жүретін адам болған кезде инватаксиді тасымалдауға жол беріледі.
Мүгедектігі бар бала ата-анасының және (немесе) оның заңды өкілінің сүйемелдеуімен инватаксимен тасымалдауға жол беріледі.
Осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес инватакси қызметін көрсетуге көрсетілімдері жоқ және (немесе) ілеспе тұлға болып табылмайтын бөгде адамдарды инватаксимен тасымалдауға жол берілмейді.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
Автомобиль көлігімен |
Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) мүгедектігі бар адамның жұмыс орны;
2) мүгедектігі бар адамның оқу орны;
3) жергілікті өкілді және атқарушы органдар;
4) сот, прокуратура;
5) әлеуметтік инфрақұрылым объектілері;
6) заң консультациялары;
7) нотариус;
8) медициналық мекемелер (жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда);
9) әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары;
10) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар;
11) мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктері үшін массаж қызметтерін көрсететін ұйымдар.
|
|
Автомобиль көлігімен |
Маршрут парағы
Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Инватакси қызметін көрсететін ұйымның атауы _______________________
_________________________________________________________________
Инватаксиді тасымалдау күні (күні, айы, жылы) _______________________
|
№ р/н |
Мүгедектігі бар адам |
Инватакси сапарының бағыты |
Мүгедектігі бар адамға инватаксимен қызмет көрсету уақыты |
|||||
|
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда оның болуы) |
Телефон нөмірі |
Қолы |
Бастапқы жөнелту пункті |
Соңғы межелі пункті |
Инватаксидің келу уақыты, сағат / минут |
Мүгедектігі бар адамды отырғызу уақыты, сағат / минут |
Мүгедектігі бар адамды түсіру уақыты, сағат / минут |
|
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
... |
|
|
|
|
|
|
|
|
Жүргізуші _______________________________________________ Жүргізушінің қолы
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Диспетчер _______________________________________________ Диспетчердің қолы
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК