Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу
жөніндегі қалалық комиссия отырысының
хаттамасы
Степногорск қ. № 6 20 маусым 2025 ж.
Төрағалық етті: Степногорск қаласы әкімінің м.а. Ф. Байқасов.
Қатысқандар: Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, қала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, комиссия мүшелері.
І. «Әлеуметтік төлемдер берешегін өтеу бойынша жұмысты ұйымдастыру»
(Г.М. Сейтғалиева)
- Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары - Гүлшат Мұқатқызы Сейтғалиеваның ақпараты назарға алынсын.
- Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (келісім бойынша): жұмыс істемейтін кәсіпорындардан мерзімі өткен берешекті өндіріп алу жөніндегі жұмысты ерекше бақылауда ұстау.
- Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі: Комиссия отырысында әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларын тұрақты түрде тыңдалсын.
- Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «СКҚА» МКҚК бас дәрігерінің орынбасары Одильхан Суратханұлы Шерімовке салық міндеттемелерін уақтылы аударуға жол бермеу тапсырылсын.
- Қала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына: әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлеу.
- «Бестөбе» кенішінің қызметін қайта бастау, жаңа жұмыс орындарын құру және жергілікті тұрғындарды жұмысқа қабылдау бойынша ағымдағы жағдай туралы».
(Е.Е.Упабеков )
- Әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында «Бестөбе» кеніші бойынша жұмысқа қайта қабылдау мәселелері жөнінде халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізілсін.
ІІІ. «Жаңа жұмыс орындарын құру туралы».
(Қ.Е. Ғафарова )
- Степногорск қаласының мансаптық орталығының директоры - Қарлығаш Ермекқызы Ғафарованың ақпараты назарға алынсын.
- Жаңа жұмыс органдарын құру мәселелері бойынша Степногорск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен, жұмыспен қамту органдарымен және жауапты орындаушылармен бірлескен жұмысты күшейтілсін.
- Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізілсін.
- 2025 жылға арналған Ұлттық жоба шеңберінде жұмысқа орналастыру жоспарын 100% орындауды қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, қала және кенттердегі кәсіпорындарда мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құруды көзделсін.
Степногорск қаласы әкімінің м.а. Ф. Байқасов
Жұмыс берушілердің өкілі,
«Astana-Nan Chemicals» ЖШС
филиалының директоры Т. Уәли
Кәсіподақ ұйымдарының өкілі,
«СПЗ» қызметкерлері
кәсіподағының төрағасы С. Кубасов