Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу
жөніндегі қалалық комиссия отырысының
хаттамасы
Степногорск қ. № 5 15 мамыр 2025 ж.
Төрағалық етті: Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Ж. Сабырұлы.
Қатысқандар: мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Департаментінің, Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, қала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, комиссия мүшелері.
І. Әлеуметтік төлемдер (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)берешегін өтеу бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы.
(Колумбетова А.Т.)
- Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімі басшысы - Айгерим Тұяққызы Колумбетованың ақпараты назарға алынсын.
- Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (келісім бойынша): жұмыс істемейтін кәсіпорындардан мерзімі өткен берешекті өндіріп алу жөніндегі жұмыстар жалғастырылсын.
- Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі: Комиссия отырысында әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларын тұрақты түрде тыңдалсын.
- Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы: қаланың білім беру мекемелерінде әлеуметтік төлемдер бойынша берешекке жол бермеу (Ақмола облысының білім басқармасы «Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Қырық құдық ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ, Ақмола облысының білім басқармасы «Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Ақсу кентінің № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Ақмола облысының білім басқармасы «Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Байқоныс ауылының мектебі жалпы білім беретін мектебі» КММ, Ақмола облысының білім басқармасы «Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Қарабұлақ ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ).
- Қала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына: міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша жұмыскерлер алдындағы берешекке жол бермеу.
- Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарындағы жалақы бойынша берешектің мониторингі туралы.
ІІІ. «Vizion Zero «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша меморандум жасасу бойынша мониторинг туралы.
(Абдрахманов А.У.)
- Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы - Азамат Уәлиұлы Әбдірахмановтың ақпараты назарға алынсын.
- Қала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына: «Vizion Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын («Целингормаш» ЖШС, «Қазақалтын» ЖШС, «Қазақалтын Тechnology» ЖШС, «Қазақалтын LOGISTIC» ЖШС, «НЕФТЯНОЙ ДОМ» АСТАНА ОЙЛ» ЖШС, Степногорск қаласының «Мақсат» колледж мекемесі, «Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасы» МКҚК, Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" «Мамандандырылған Степногор балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ) 2025 жылғы 10 маусымға дейінгі мерзімде жасасу туралы сұрақ қаралсын.
- Қаңғыбас иттерді аулауды ұйымдастыру бойынша
жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
(Рашитова Д.Т.)
- Ақмола облысы ветеринария басқармасы жанындағы «Степногорск қаласының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК бас маманы - Рашитова Динара Тагировнаның ақпараты назарға алынсын.
- Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанындағы «Степногорск қаласының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК басшысы: Степногорск қаласының кенттері мен ауылдарының аумағында қаңғыбас иттерді аулау бойынша жұмысты күшейтсін.
Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Ж. Сабырұлы
Жұмыс берушілердің өкілі,
«Astana-Nan Chemicals» ЖШС
филиалының директоры Т. Уәли
Кәсіподақ ұйымдарының өкілі,
«СПЗ» қызметкерлері
кәсіподағының төрағасы С. Кубасов