Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу
жөніндегі қалалық комиссия отырысының
хаттамасы
Степногорск қ. № 4 28 сәуір 2025 ж.
Төрағалық етті: Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Ж. Сабырұлы.
Қатысқандар: мемлекеттік кірістер басқармасының, қаланың дербес бөлімдерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері, комиссия мүшелері.
І. Әлеуметтік төлемдер (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)берешегін өтеу бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы.
(Колумбетова А.Т.)
- Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімі басшысы - Айгерим Тұяққызы Колумбетованың ақпараты назарға алынсын.
- Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (келісім бойынша): жұмыс істемейтін кәсіпорындардан мерзімі өткен берешекті өндіріп алу жөніндегі жұмыстар жалғастырылсын.
- Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі: Комиссия отырысында әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларын тұрақты түрде тыңдалсын.
ІІ. «Парыз» және «Еңбек жолы» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурстар туралы».
(Сейітмағанов Е.Е.)
- Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы - Ербол Ердәулетұлы Сейтмағановтың ақпараты назарға алынсын.
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі: белгіленген мерзімде облыстық басқармаларға «Парыз» және «Еңбек жолы» конкурстарына қатысушылардың өтінімдерін ұсынсын.
- Қала кәсіпорындары мен ұйым басшылығына: «Парыз» және «Еңбек жолы» конкурстарына белсенді қатысуға ұсынамын.
Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Ж. Сабырұлы
Жұмыс берушілердің өкілі,
«Astana-Nan Chemicals» ЖШС
филиалының директоры Т. Уәли
Кәсіподақ ұйымдарының өкілі,
«СПЗ» қызметкерлері
кәсіподағының төрағасы С. Кубасов