Бюджеттік мониторинг

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық жоспары аясында Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жолын кесу, ішкі үдерістердің тиімділігін арттыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізуде. Бұл шаралар Ақмола облысындағы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын толық әрі уақытылы игеруін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік аудит объекттеріне шектен тыс тексерулер жүргізуге жол бермеу және оларға артық қысым көрсетуді болдырмау мақсатында өзара келісілген аудит объектілерінің тиісті тізбесі әзірленді.

Барлық аудиторлық тексерулер тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген және бұзушылықтарды ғана емес, олардың пайда болу себептерін де анықтауға және уақтылы жоюға бағытталған.

Бюджет қаражатын тиімсіз және негізсіз пайдаланудың алдын алу және жедел әрекет ету шараларын қабылдау мақсатында қазынашылық органдары әзірлеген тәуекел профильдері негізінде алынған тәуекелі жоғары төлемдер мен шарттарға талдау жүргізілуде.

Дене шынықтыру және спорт, мәдениет салаларында еңбекақы төлеуге бағытталған бюджет қаражатының пайдаланылуына бақылауды күшейту мақсатында Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Онлайн бюджеттік мониторинг» (бұдан әрі – ОБМ) модулінің функционалын кеңейтті.

Осылайша, алдын алу шараларының үлесін арттыру және оларды кеңейту мақсатында Комитет тарапынан аумақтық департаменттердің ОБМ модуліне қол жеткізуі қамтамасыз етілді.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 28 қазанда Комитет тарапынан ведомстволық бағынысты департаменттерге тиісті тапсырма жолданды.

Осы тапсырманы орындау мақсатында департамент тарапынан білім саласындағы жалақы төлеуді бақылау үшін ОБМ модуліне қолжетімділігі бар лауазымды тұлғалар тағайындалды.

Тұрақты негізде 6 тәуекел профилі бойынша жалақы төлеудің мониторингі жүргізіледі, оның ішінде:

- Жеке тұлғаның карта-шоты бойынша деректердің сәйкессіздігі;

- ТТЖМД бойынша толық аты-жөнің сәйкес келмеуі;

- Қосымша қаражаттың бірнеше төлем арқылы аударылу тәуекелі;

- Қосымша қаражаттың бір төлем арқылы аударылу тәуекелі;

- Қосымша қаражаттың лауазымдар бойынша аударылу тәуекелі;

- Әлеуметтік салық есебінен белгіленген нормадан артық қаражат аудару.

Департаменттің лауазымды тұлғалары тәуекелді төлем анықталған жағдайда, ОБМ жүйесінде тәуекел статусын «жұмыста», «бұзушылық жоқ», «хабарлама жолданды» деп белгілейді және мониторинг объектісіне жедел түрде хат-хабарламалар (хабарламалар) жолдау арқылы шаралар қабылдайды. Сонымен қатар, бюджет бағдарламасының әкімшісіне, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне (Антикоррупциялық қызмет) және оның аумақтық бөлімшелеріне хабарландырылады.

Тәуекелді жағдайлардың сақталуы (мониторинг объектісі тарапынан оларды жоюдың болмауы) жағдайында кейіннен мемлекеттік аудит тағайындалып, өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 17 сәуірінен бастап ОБМ модулінде хабарламалар қалыптастыру механизмі жетілдірілді.
          Қазіргі таңда департамент мамандары ОБМ модулі арқылы хабарламаларды жасап, мониторинг объектісіне жібереді.

2025 жылғы 17 сәуірден 25 маусымға дейінгі аралықта департамент ОБМ арқылы жалақы төлеудің мониторингін жүргізді және дене шынықтыру мен спорт саласында 9 тәуекелді төлемге (6 жеке тұлғаға) қатысты барлығы 6 жедел жауап хаттары (хабарламалар) жолдады, жалпы сомасы 1 655 712 теңге, оның ішінде:

Біржан сал ауданы бойынша ең көп тәуекелді төлемдер – 3 төлем, жалпы сомасы 906 351 м. теңге;

Есіл ауданы бойынша 2 тәуекелді төлем, жалпы сомасы 114 411 м. теңге;

Целиноград ауданы бойынша 2 тәуекелді төлем, жалпы сомасы 534 256 м. теңге.

2025 жылғы 17 сәуірден 25 маусымға дейінгі аралықта департамент ОБМ арқылы жалақы төлеудің мониторингін жүргізді және мәдениет саласында 172 тәуекелді төлемге (76 жеке тұлғаға) қатысты барлығы 24 жедел жауап хаттары (хабарламалар) жолдады, жалпы сомасы 44 119 325 теңге, оның ішінде:

Біржан сал ауданы бойынша ең көп тәуекелді төлемдер – 25 төлем, жалпы сомасы 6 млн 726 м. теңге;

Қосшы қаласы бойынша 4 тәуекелді төлем, жалпы сомасы 1 млн                      626 м. теңге;

Шортанды ауданы бойынша 18 тәуекелді төлем, жалпы сомасы 2 млн 537 м. теңге;

Зеренді ауданы бойынша 34 тәуекелді төлем, жалпы сомасы 8 млн                  754 м. теңге;

Аршалы ауданы бойынша 8 тәуекелді төлем, жалпы сомасы 3 млн                   320 м. теңге.

Бюджеттік мониторинг
Дата публикации
30 июня 2025