«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Степногорск қаласы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.06.2025 - 01.07.2025

Қабылдау 1 этап: 02.07.2025- 04.07.2025

Қабылдау 2 этап: 09.07.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 10.07.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

13.07.2025

Сұхбат: 16.07.2025

Анықтама телефоны: 87164555654

E-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

             (Лауазымдық    жалақы    нақты    қызметкердің    жұмыс    өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

"Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі, E-R-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:

Сектордың перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету. Әкімдер аппараттарымен атқарушы органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Коммуналдық қызметтер саласындағы мекемелер жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, жолаушылар шаруашылығы және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін салалар бойынша әкімшілік бағдарламаларды іске асыру. Бухгалтерлік есептің бастапқы құжаттамасын қабылдауды және бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепті, оның ішінде бас кітапты жүргізу, 1С, Қазынашылық-клиент, Парус-Қаз бағдарламаларымен жұмыс жүргізу. Түсетін ақшалай қаражаттардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және негізгі құралдардың есебін жүргізу. Бухгалтерлік есеп шоттарында олардың қозғалысына байланысты операцияларды уақтылы көрсету. Бөлімді материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жалақы бойынша есеп айырысу, Қазынашылықпен, банктермен, салық комитетімен, зейнетақы қорларымен жұмыс. Бухгалтерлік құжаттар мен мемлекеттік сатып алу жөніндегі құжаттардың заңдылығын, уақтылы және дұрыс ресімделуін бақылау. Мемлекеттік бюджетке төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жарналарды есептеу. Ақшалай қаражаттың, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерінің жетіспеушілігінің, заңсыз жұмсалуының алдын алу бойынша шаралар қабылдау. Бухгалтерлік есептілікті уақтылы жасау және оны белгіленген мерзімде тиісті органдарға ұсыну. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу шарттарын жасау. Қаржыландыру жоспарын орындау. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (алдын ала) әзірлеуге, жасауға және бекітуге қатысу. Веб-порталда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу және олар бойынша есептер беру. Конкурстық құжаттаманы жүргізу. Конкурстар бойынша шарттарға қол қою мерзімдерін үйлестіру. еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтау. Бөлімге түсетін мүлікті балансқа уақтылы қою және есепке алуды жүргізу, оның баланстық және қалдық құнын айқындау. Аумақтарды дамыту және әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының индикаторларын орындауды іске асыру. Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шеңберіндегі өзге де міндеттер.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: экономика, қаржы, есеп және аудит, 051801 2 - Бухгалтер, экономист

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
24 июня 2025