Степногорск қаласының Бестөбе, Заводской кенттерінің, Изобильное, Қарабұлақ ауылдарының және Бөгенбай ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы
ақпарат
2025 жылғы 22 маусымдағы сағат 18.00-де Ақмола облысы Степногорск қаласы Бестөбе, Заводской кенттерінің, Изобильное, Қарабұлақ ауылдарының және Бөгенбай ауылдық округінің әкімдері болуға кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Бестөбе кенті бойынша
Ұсынылған 3 кандидаттан 3 кандидат тіркелді. Олар:
- Сырым Уәлиұлы Кабай, 1985 жылы туған, Бестөбе кентінің әкімі, «Бестөбе кенті әкімінің аппараты» ММ, Бестөбе кентінде тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
-Жансұлу Серекпайқызы Қапажанова, 1989 жылы туған, «Степногорск қаласының Әкімшілік-шаруашылық басқармасы» КММ директоры, Степногорск қаласында тұрады, -өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
-Маржан Хабдразакқызы Сүлейменова, 1970 жылы туған, «Заводской кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Степногорск қаласында тұрады, -өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Бөгенбай ауылдық округі бойынша
Ұсынылған 5 кандидаттан 3 кандидат тіркелді. Олар:
-Жадан Амангелдыұлы Бейсенбин,1981 жылы туған, «Степногорск қаласының құрылыс бөлімі» ММ құрылыс және ұйымдастыру – қаржылық жұмыс секторының меңгерушісі, Степногорск қаласында тұрады, -өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
-Жанар Сағнайқызы Бектасова, 1985 жылы туған,«Степногорск қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау жөніндегі бас инспекторы, Степногорск қаласында тұрады, -өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
-Утисхан Жаныбек, 1978 жылы туған, Бөгенбай ауылдық округі әкімінің, «Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Бөгенбай ауылдық округі, Байқоңыс ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Заводской кенті бойынша
Ұсынылған 3 кандидаттан 3 кандидат тіркелді. Олар:
-Орынбасар Амангелдықызы Бейсенбина ,1968 жылы туған, «Степногорск қаласы әкімінің аппараты» ММ жалпы бөлімінің басшысы, Степногорск қаласында тұратын, -өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
-Марат Есламбекұлы Мадьяров, 1966 туған, Заводской кентінің әкімі, «Заводской кенті әкімінің аппараты» ММ, Заводской кентінде тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
-Гүлназ Әнуарбекқызы Смағулова , 1988 жылы туған, «Степногорск қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің бас маманы, Степногорск қаласында тұрады, -өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Изобильное ауылы бойынша
Ұсынылған 3 кандидаттан 3 кандидат тіркелді. Олар:
-Руслан Шертайұлы Жақсыбаев, 1981 жылы туған, Изобильное ауылының әкімі, «Изобильное ауылы әкімінің аппараты» ММ, Изобильное ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
-Айғаным Сенбайқызы Жексенбаева, 1987 жылы туған, «Степногорск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ экономикалық саясат секторының меңгерушісі, Степногорск қаласында тұрады, -өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
-Самал Жеңісқызы Сибгатулина, 1981 жылы туған, «Степногорск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ статистигі, Степногорск қаласында тұрады, -өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қарабұлақ ауылы бойынша
Ұсынылған 3 кандидаттан 3 кандидат тіркелді. Олар:
-Индира Шералиқызы Арапбаева, 1988 жылы туған, «Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы, Степногорск қаласында тұрады, -өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
-Мұсылманбек Баукенұлы Исмағулов,1964 жылы туған, Қарабұлақ ауылының әкімі, «Қарабұлақ ауылы әкімінің аппараты» ММ, Қарабұлақ ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
-Фларид Мажитұлы Шаракаев,1965 жылы туғын, Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі жанындағы Степногорск қаласының «Батыр» «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК басшысы, Степногорск қаласында тұрады, -өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы