Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

 

Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

 

 

«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19 бабына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

1) көлік картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге;

2) жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 160 (жүз алпыс) теңге.

  1. Күші жойылды деп тану:

1) «Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері туралы» 2015 жылғы 21 қаңтардағы № а-1/26 Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4651 болып тіркелген);

2) «Степногорск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № а-1/26 «Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № А-12/664 Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 26408 болып тіркелген).

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Степногорск қаласының әкімі

 

Г.Қасенов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Степногорск қалалық мәслихаты

 

Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы
Дата публикации
24 июня 2025