Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының Степногорск қаласының Бестөбе, Заводской кенттерінің, Изобильное, Қарабұлақ ауылдарының және Бөгенбай ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы Хабарлама

Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының Степногорск қаласының  Бестөбе, Заводской кенттерінің,  Изобильное, Қарабұлақ ауылдарының және Бөгенбай ауылдық  округінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы

Хабарлама

 

 

             «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, келіп түскен құжаттарды қарап, Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының Бестөбе, Заводской кенттерінің,  Изобильное, Қарабұлақ ауылдарының және Бөгенбай ауылдық  округінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы 2025 жылғы 20 маусымдағы  шешімдері негізінде, кандидаттар  тіркелгенін хабарлаймыз. 

 

Бестөбе кентінің әкіміне кандидаттар:

- Сырым Уәлиұлы Кабай, 1985 жылы туған, Бестөбе кентінің әкімі, «Бестөбе кенті әкімінің аппараты» ММ, Бестөбе кентінде тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

 

 -Жансұлу  Серекпайқызы Қапажанова, 1989 жылы туған, «Степногорск қаласының Әкімшілік-шаруашылық басқармасы» КММ директоры, Степногорск қаласында тұрады,  өзін-өзі ұсынған.

 

-Маржан Хабдразакқызы Сүлейменова, 1970 жылы туған, «Заводской кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Степногорск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

Бөгенбай ауылдық округінің әкіміне кандидаттар:

-Жадан Амангелдыұлы Бейсенбин,1981 жылы туған, «Степногорск қаласының құрылыс бөлімі» ММ құрылыс және ұйымдастыру – қаржылық жұмыс секторының меңгерушісі, Степногорск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

-Жанар Сағнайқызы Бектасова, 1985 жылы туған,«Степногорск қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау жөніндегі бас инспекторы, Степногорск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

-Утисхан Жаныбек,  1978 жылы туған, Бөгенбай ауылдық округі әкімінің, «Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Бөгенбай ауылдық округі, Байқоңыс ауылында тұрады, «AMANAT»  партиясынан ұсынылған.

 

Заводской кентінің әкіміне кандидаттар:

-Орынбасар Амангелдықызы Бейсенбина ,1968 жылы туған, «Степногорск қаласы әкімінің аппараты» ММ жалпы бөлімінің басшысы, Степногорск қаласында тұратын, өзін-өзі ұсынған.

 

-Марат Есламбекұлы Мадьяров, 1966 туған, Заводской кентінің әкімі, «Заводской кенті әкімінің аппараты» ММ, Заводской кентінде тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

 

-Гүлназ Әнуарбекқызы Смағулова , 1988 жылы туған, «Степногорск қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің бас маманы, Степногорск қаласында тұрады,  өзін-өзі ұсынған.

 

Изобильное ауылының әкіміне кандидаттар:

-Самал Жеңісқызы Сибгатулина, 1981 жылы туған, «Степногорск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ статистигі, Степногорск қаласында тұрады,өзін-өзі ұсынған.

 

-Айғаным Сенбайқызы Жексенбаева, 1987 жылы туған, «Степногорск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ экономикалық саясат секторының меңгерушісі, Степногорск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

-Руслан Шертайұлы Жақсыбаев,  1981 жылы туған, Изобильное ауылының әкімі, «Изобильное ауылы әкімінің аппараты» ММ, Изобильное ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

 

Қарабұлақ ауылының әкіміне кандидаттар:

-Индира Шералиқызы Арапбаева, 1988 жылы туған, «Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы, Степногорск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

-Мұсылманбек Баукенұлы Исмағулов,1964 жылы туған, Қарабұлақ ауылының әкімі, «Қарабұлақ ауылы әкімінің аппараты» ММ, Қарабұлақ ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

 

-Фларид Мажитұлы Шаракаев,1965 жылы туғын, Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі жанындағы Степногорск қаласының «Батыр» «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК басшысы, Степногорск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

 

 

Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының Степногорск қаласының Бестөбе, Заводской кенттерінің, Изобильное, Қарабұлақ ауылдарының және Бөгенбай ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы Хабарлама
Дата публикации
22 июня 2025