2025 жылдың 13 маусымына тағайындалған, Бестөбе, Заводской кенттерінің, Изобильное, Қарабұлақ ауылдарының, Бөгенбай ауылдық округі әкімдерінің кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспары
|
1. Бестөбе, Заводской кенттерінің, Изобильное, Қарабұлақ ауылдарының, Бөгенбай ауылдық округі әкімдерінің кезекті сайлауын тағайындау |
||
|
|
|
|
|
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей- - 2025 жылғы 14 маусымнан кешіктірмей (22-б.2-т.) |
|
|
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей- - 2025 жылғы 14 маусымнан кешіктірмей
(13-б.4-т.) |
|
|
4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссиясының құрамдарын жариялау |
||
|
|
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2025 жылғы 19 маусымнан кешіктірмей (17-б.2-т.) |
|
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Қала әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде - 2025 жылғы 19 маусымнан кешіктірмей (23-б.5-т.) |
|
|
6. Әкім болуға кандидаттарды ұсыну |
||
|
|
Белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партиялар - өз мүшелерi арасынан, азаматтар өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен аумақтық сайлау комиссиясына әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзiмi аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкiм жүргізеді Егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше белгiленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейiнгi күннен басталады және сайлау өткiзiлетiн күнге жиырма бес күн қалғанда жергiлiктi уақыт бойынша он сегiз сағатта аяқталады.
2025 жылғы 5 маусымнан басталып, 2025 жылғы 17 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады
( 113-3-б.) |
|
|
7. Әкім болуға кандитардар сайлану үшін осы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, (бұдан әрі-Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс. |
||
|
|
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп
(113-2, 4 б.) |
|
|
8. Әкімге кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. |
||
|
|
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Әкім болуға кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (31-бап, 14-бап 8-1) т.)
|
|
|
9. Әкімге кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен қолдау үшін қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
||
|
|
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы
Кандидат Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде
(113-4 бап) |
|
|
10. Әкімге кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
||
|
|
Құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып аумақтық сайлау комиссиясы Қол қою парақтарын тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде.
(113-4-б. 8-т., 9-т.) |
|
|
11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу (2025 жылғы 1 қаңтарға ұсынылған әрбір кандидат үшін 85000 теңге). |
||
|
|
Әкімге, саяси партияларға кандидаттар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) |
|
|
12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда тұрғылықты жері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну (2025 жылғы 1 маусымға). |
||
|
|
Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
|
|
13. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
||
|
|
Мемлекеттік кірістер органы Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.) |
|
|
14. Әкімге кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
||
|
|
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда 2025 жылғы 22 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады
(113-5 бап) |
|
|
15. Әкімге кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейінгі бесінші күннен кешіктірмей
(113-5-б. 9-т.) |
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және оларды жарақтандыру |
||
|
|
Жергілікті атқарушы орган, Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін 2025 жылғы 21 маусымға дейін (28-б. 6-т.) |
|
|
17. Сайлау алдындағы үгіт жүргізу |
||
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады 2025 жылғы 22 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылғы 12 шілдеде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
(27-б. 2-т.) |
|
|
18. Әкімге кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Жергілікті атқарушы орган және Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
|
19. Акт бойынша сайлау комиссиясына сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылар тізімін ұсыну |
||
|
|
Қала әкімі Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын 2025 жылғы 22 маусымға дейін
(24-б. 5-т.) |
|
|
20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда 2025 жылғы 27 маусымнан бастап (26-б. 1-т.) |
|
|
21. Дауыс беру күні, уақыты және орны туралы сайлаушыларды хабардар ету |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы шілдеге дейін
(18-б. (5) т.), 38-б. 2-т.) |
|
|
22. Учаскелік сайлау комиссиясының дауыс беруі үшін сайлау бюллетеньдерін жеткізу |
||
|
|
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кемінде үш күн бұрын және бір күннен кешіктірмей 2025 жылғы 10 шілдеден ерте емес және 12 шілдеден кешіктірмей
(37-б. 3-т.) |
|
|
23. Дауыс беру үшін сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын 2025 жылғы 13 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де (40-б. 1-т.) |
|
|
24. Дауыс беруді өткізу |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады
(18-б.(8-т.т.), 43-б.) |
|
|
26. Сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыға бірдей танысу үшін арнайы белгіленген жерде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін іліп қою |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу
(43-б. 8-т.) |
|
|
27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы қалалық сайлау комиссиясына ұсыну |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу
(113-8 б. 1-т.) |
|
|
28. Әкімді сайлау қорытындыларын белгілеу |
||
|
|
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 16 шілдеден кешіктірмей
(113-10-б. 1-т.) |
|
|
29. Бұқаралық ақпарат құралдарында әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарламаны жариялау |
||
|
|
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2025 жылғы 19 шілдеден кешіктірмей
(44-бап, 4-т, (3-т.) |
|
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру |
||
|
|
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесіне сәйкес келмейтін міндеттерді өзінен қосу туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін. 2025 жылғы 19 шілдеден кешіктірмей
(45-бап, 46-б. 3-т., 113-11-б. 1-т.) |
|
Ескерту: күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.