«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Степногорск қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.04.2025 - 29.04.2025
Қабылдау 1 этап: 30.04.2025- 05.05.2025
Қабылдау 2 этап: 08.05.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 09.05.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
14.05.2025
Сұхбат: 19.05.2025
Анықтама телефоны: 87164555654
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Степногорск қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
әділет органдары, құқық қорғау және сот органдарында, сондай-ақ басқа да органдарында әкімінің, әкімдіктің, әкім аппаратының мүдделеріне өкілдік ету, нормативтік – құқықтық және басқа да құқықтық мәселелер жобаларын әзірлеу, жемқорлыққа қарсы жолданған шаралардың үйлесуін іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау бойынша шараларын әзірлеу және іске асыру, жалпыға бірдей оқытуды ұйымдастыру, нормалық шығармашылық процестің ахуалына талдау жүргізу, құқықтық мәселелері бойынша қала әкімдігі, қала аппаратының лауазымды тұлғаларына кеңес беру, кәсіби емес медиаторлар тізіліміне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша жоспарлар, бағдарламаларды орындау шеңберінде үйлестіруді қамтамасыз етуге, Степногорск қаласында есірткі бизнесті және есірткіге қарсы жолданған мемлекеттік органның қызметіне және Степногорск қаласы әкімдігінің жанында құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде комиссияға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мәселесі жөніндегі комиссияға, Степногорск қаласында есірткі бизнесті және есірткіге қарсы жолданған мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру жөнінде қалалық штабына бақылауды жүргізу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: халықаралық құқық, құқықтану, құқық, заңгер
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.