Степногорск қаласы әкімдігінің «Степногорск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № а-3/144 «Степногорск қаласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы» қаулының күшін жою туралы» қаулының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ
Құрметті қала тұрғындары, сондай-ақ мүдделі тараптар Сіздерді Степногорск қаласы әкімдігінің «Степногорск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № а-3/144 «Степногорск қаласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы» қаулысының жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.
«Жекешелендіру объектілерін сату Қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 қазандағы № 890 қаулысымен коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау жөніндегі жергілікті атқарушы органның құзыреті жоғалды. Осыған байланысты Степногорск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № а-3/144 «Степногорск қаласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы» қаулысының күші жойылды деп танылуға жатады. Осы қаулыны қабылдаудың мақсаты заңға тәуелді актілерді «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес келтіру болып табылады.
Жобаны Степногорск қаласының мемлекеттік активтер және сатып алулар бөлімі әзірледі.
Жоба түсіндірме жазбамен бірге 2025 жылғы 17 сәуірден бастап 2025 жылғы 5 мамырға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.