Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық
айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты
есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) функционалдық блоктар бойынша:
«А» - лауазымдық айлықақының 20 % (жиырма пайыз);
«В» - лауазымдық айлықақының 30 % (отыз пайыз);
«С», «D» - лауазымдық айлықақының 50 % (елу пайыз);
2) білікті жұмысшылар бойынша – лауазымдық айлықақының 50 % (елу пайыз).
«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық
айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Степногорск қалалық мәслихаты шешімінің жобасына түсіндірме жазба
|
р/с № |
Түсіндірме жазбада Көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1 |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
|
«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес. |
|
3 |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзінесілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) |
Жобаны қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
|
|
4 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы |
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік және / немесе экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.
|
|
5 |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері
|
Жобаның негізгі мақсаты жалақыға ынталандырушы үстемеақылар енгізу арқылы азаматтық қызметшілерді материалдық ынталандыру деңгейін арттыру болып табылады. Кадрлар айналымының төмендеуі және азаматтық қызметшілердің тартымдылығын арттыру. Еңбек уәждемесі мен еңбек өнімділігін арттыру. Білікті мамандарды тарту және ұстап қалу үшін жағдай жасау. |
|
6 |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
Жоқ. |
|
7 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы |
Талап етпейді. |
|
8 |
Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) |
Шешім жобасы 2025 жылғы 02 сәуірінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында жария талқылауға орналастырылды. |
|
9 |
Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз-релизін уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат. |
Шешім жобасына баспасөз-релизі 2025 жылғы 02 сәуірінде Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында орналастырылды. |
|
10 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі |
Қажеттілік жоқ. |
|
11 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері |
Көзделмеген. |
«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының шешімі жобасына баспасөз- релизі
«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының шешімі жобасы (бұдан әрі - Жоба) Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
Қоғамдық талқылаулар мерзімі 2025 жылдың 02 сәуірден 17 сәуірге дейін.
Жария талқылау үшін Жоба «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.