Жергілікті бюджеттен
қаржыландырылатын
ұйымдар жұмыскерлерінің
лауазымдық айлықақыларына
жергілікті бюджет қаражаты
есебінен ынталандыру үстемеақыларын
белгілеу тәртібі мен шарттарын
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Степногорск қаласының әкімі Г. Қасенов
Степногорск қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «_____»__________
№ _________________________
қаулысына қосымша
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу ұйым басшысының ұсынысы негізінде жүргізілуі мүмкін.
3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақылар белгілеу шарттары
1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері;
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері;
4) Ұйымның одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысының шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау.
1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
2) Ұйымда бір айдан кем жұмыс істегендерге;
3) сынақ мерзімінен өту кезеңіне;
4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;
5) қосымша жұмыс істейтін;
6) жұмыскерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;
7) жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;
8) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
9) оқу демалысы кезеңінде;
10) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
11) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде.
Нормативтік құқықтық актілерді
әзірлеу, келісу және мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша
Степногорск қаласы әкімдігінің «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» қаулысының жобасына түсіндірме жазба
|
р/с № |
Түсіндірме жазбада Көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1 |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
|
«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес. |
|
3 |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзінесілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) |
Жобаны қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
|
|
4 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы |
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік және / немесе экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.
|
|
5 |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері
|
Жобаның негізгі мақсаты жалақыға ынталандырушы үстемеақылар енгізу арқылы азаматтық қызметшілерді материалдық ынталандыру деңгейін арттыру болып табылады. Кадрлар айналымының төмендеуі және азаматтық қызметшілердің тартымдылығын арттыру. Еңбек уәждемесі мен еңбек өнімділігін арттыру. Білікті мамандарды тарту және ұстап қалу үшін жағдай жасау. |
|
6 |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
Жоқ. |
|
7 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы |
Талап етпейді. |
|
8 |
Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) |
Қаулысының жобасы 2025 жылғы 02 сәуірінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында жария талқылауға орналастырылды. |
|
9 |
Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз- релизін уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат. |
Қаулысының жобасына баспасөз- релизі 2025 жылғы 02 сәуірінде Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында орналастырылды. |
|
10 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі |
Қажеттілік жоқ. |
|
11 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері |
Көзделмеген. |
«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысының жобасына
баспасөз- релизі
«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысының жобасы (бұдан әрі - Жоба) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Қоғамдық талқылаулар мерзімі 2025 жылдың 02 сәуірден 17 сәуірге дейін.
Жария талқылау үшін Жоба «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.