«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі.»;
11-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, үш айдан кешіктірмей, 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың (отбасылардың) келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмағанда көрсетіледі:
1) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, бірінші типті қант диабеті) бар адамдарға аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) химиопрофилактика кезеңінде туберкулез жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) бірінші типті қант диабеті ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған «балалардың церебралдық параличі» ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6, 7-баптарында көрсетілген адамдарға, Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;
6) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6, 7-баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен санаторийге немесе госпитальға емделуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жөнелту станциясынан емдеу немесе емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қайтуға растайтын құжаттарды ұсынған кезде жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;
7) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жолдама берілген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүруге, жылына 1 рет санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде;
8) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге төлем туралы құжаттар негізінде жолдаманың құнын өтеуге екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;
14-тармақ келесі мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Степногорск қаласының денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істеуді ескере отырып, оқу орнынан алынған анықтама негізінде Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі нысанда ақылы негізде оқитын студенттерге оқу құнының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде.».
«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихаты шешімінің жобасына
салыстырма кесте
|
№р/б |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылған редакция |
Негіздемелер |
|
1. |
5-тармақ |
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл – мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі. |
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі. |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес |
|
2 |
11-тармақтың 1), 2) тармақшалары |
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, үш айдан кешіктірмей, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. |
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, үш айдан кешіктірмей, 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. |
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының өмір сүру сапасын жақсарту |
|
3 |
12-тармақ |
12. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың (отбасылардың) келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмағанда жылына 1 рет көрсетіледі: 1) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, бірінші типті қант диабеті) бар адамдарға аурулардың бір түрі бойынша 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 2) химиопрофилактика кезеңінде туберкулез жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 3) бірінші типті қант диабеті ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 4) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған «балалардың церебралдық параличі» ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 5) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6, 7-баптарында көрсетілген адамдарға, Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлық-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде; 6) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6, 7-баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен санаторийге немесе госпитальға емделуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жөнелту станциясынан емдеу немесе емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қайтуға растайтын құжаттарды ұсынған кезде 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде.
|
12. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың (отбасылардың) келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмағанда көрсетіледі: 1) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, бірінші типті қант диабеті) бар адамдарға аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 2) химиопрофилактика кезеңінде туберкулез жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 3) бірінші типті қант диабеті ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 4) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған «балалардың церебралдық параличі» ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 5) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6, 7-баптарында көрсетілген адамдарға, Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде; 6) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6, 7-баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен санаторийге немесе госпитальға емделуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жөнелту станциясынан емдеу немесе емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қайтуға растайтын құжаттарды ұсынған кезде жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде; 7) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жолдама берілген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүруге, жылына 1 рет санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде; 8) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге төлем туралы құжаттар негізінде жолдаманың құнын өтеуге екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы №06/03 хаты. Ақмола облысы бюджет комиссиясы отырысының 2024 жылғы 25 қарашадағы №31 хаттамасы.
|
|
4 |
14-тармақтың 3) тармақшасы |
- |
Степногорск қаласының денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істеуді ескере отырып, оқу орнынан алынған анықтама негізінде Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі нысанда ақылы негізде оқитын студенттерге оқу құнының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде. |
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының өмір сүру сапасын жақсарту |
«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихаты шешімінің жобасына түсіндірме жазба
|
р/с № |
Түсіндірме жазбада Көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1 |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
|
«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі. |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы №06/03 хаты. Ақмола облысы бюджет комиссиясы отырысының 2024 жылғы 25 қарашадағы №31 хаттамасы. |
|
3 |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзінесілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) |
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін белгілеу және мөлшерін ұлғайту.
|
|
4 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы |
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік және / немесе экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.
|
|
5 |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері
|
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау. |
|
6 |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8696-03 болып тіркелген). |
|
7 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы |
Талап етпейді. |
|
8 |
Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) |
Шешім жобасы 2025 жылғы 12 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында жария талқылауға орналастырылды. |
|
9 |
Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат |
Шешім жобасына пресс-релиз 2025 жылғы 12 наурызда Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында орналастырылды. |
|
10 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі |
Қажеттілік жоқ. |
|
11 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері |
Көзделмеген. |
«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының шешімі жобасына баспасөз- релизі
«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының шешімі жобасы (бұдан әрі - Жоба) Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес әзірленді. Қоғамдық талқылаулар мерзімі 2025 жылдың 12 наурыздан 1 сәуірге дейін.
Жоба жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.