«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау
Степногорск қаласы әкімі аппараты
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2025 жылғы
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2025 жылғы
сұхбат: 2025 жылғы
Анықтама телефоны: 8716455654
E-R-5 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 181 109 теңге
Блок-В, грейд-2.
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне айланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
«Степногорск қаласының мемлекеттік актив және сатып алулар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, бас маманы, E-R-5 санаты
Функционалдық міндеттері:
Бөлім қызметін құқықтық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу. Талап-арыз жұмысын жүзеге асыру, құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдары бойынша, оның ішінде азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында іс жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарау мерзімдерін бақылау, есептілікті қалыптастыру және жасау, сонымен қатар Е-өтініш бірыңғай платформасында азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын өз құзыреті шегінде қарау. ҚР Қаржы министрлігінің, облыс әкімдігінің орталықтандырылған тапсырмаларын, Басқарма мен бөлім басшылығының тапсырмаларын белгіленген мерзімде және тиісті сапада орындау бойынша жұмысты жүзеге асыру. Нормативтік-құқықтық актілерді және басқа да нұсқаулық материалдарды уақтылы зерделеу. Бөлімде іс қағаздарын жүргізу.
Білімі бөлігіндегі талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құқықтану, құқық қорғау қызметі, заңгер, 020200 0 - Құқық қорғау қызметі.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағымдану тәртібі
Кандидаттар конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдана алады.